Өткен тәулікте коронавирустан 7 адам, пневмониядан бір адам қайтыс болды

Ашық дерекөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2021 16:12 Ашық дерекөздерден алынды
1 ақпандағы жағдай бойынша елімізде 28 050 адам КВИ-ден емделіп жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстандағы коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпарат пен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Өткен тәулікте коронавирустан жеті адам, COVID-19 белгілері бар пневмониядан бір адам қайтыс болды.

1 ақпандағы жағдай бойынша елімізде 28 050 адам КВИ-ден емделіп жатыр (16 646 КВИ + және 11 404 КВИ-), оның 6 414 науқасы стационарда, ал 21 636 науқас амбулаториялық деңгейде ем-дом алуда.

КВИ + және КВИ- науқастары арасында:

• ауыр жағдайдағылар - 260 науқас;

• жағдайы өте ауырлар - 52 науқас;

• жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандар - 42 науқас.

COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдыққандар туралы мәліметтер

30 қаңтардағы жағдай бойынша бұл ауру түрінің 16 жағдайы, бір кісі өлімі тіркелді, емделген 157 адам, ауруынан сауығып кетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: