Екпе салдыртқаннан кейін де карантин режимін сақтау керек - Қиясов
kt.kz
Қиясов карантин режимін жойып, дәстүрлі өмір салтына оралу үшін Қазақстан халқының тең жартысына вакцина салдыру керектігін баса айтты.
Вакцина алған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі - ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов журналистер сауалына жауап берді. Оған: "Вакцинацияның екінші кезеңіне дейін карантин режимін сақтайсыз ба, жоқ па" деген сұрақ қойылды. Ол бұл арада мұндай қажеттілік жоқ екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Сонымен бірге, ол вакцинация карантин режимінен босатылуды білдірмейтінін атап өтті .
Екпе алсаңыз да бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтау керек. Мен барлық ережелерді сақтауға тырысамын. Вакцинацияға қарамастан адамдарды карантин режимін ұстануға шақырамын, өйткені вакцинаны адам алғанына қарамастан, кейбір жағдайларда ол белгілі бір деңгейде оның тасымалдаушысы болып қалуы ықтимал. иә, сондай ықтимал жағдай бар, бірақ пайыздық шекте оның мөлшері тым аз, дегенмен осылайынан өзіңізді де, өзгені де қорғап, алдын ала сақтық шарасын жасасаңыз, ол артық болмайды. Әрине, вакцина салдырту арқылы, ең алдымен, сіз өз-өзіңізді қорғайсыз. Яғни, сіз өз ағзаңызды вирустық шабуылдардан қорғап, бойыңыздағы аурудың асқынуына жол бермейсіз. Бірақ бұл ағзаңызға жасалатын вирустық шабуылдар кілт тоқтайды дегенді білдірмейді. Бұл вакцина сіздің ағзаңызды аурудан сақтайды. Бүгінгі таңда екі дозадан тұратын вакцина құны - 26 доллар. Жалпы, баға осындай болады, ол Ресейде немесе Қазақстанда шығарылған болса да. Ол ақпан айынан бастап Қазақстан аумағында шығарыла бастайды, - деді Қиясов.
Қиясов карантин режимін жойып, дәстүрлі өмір салтына оралу үшін Қазақстан халқының тең жартысына вакцина салдыру керектігін баса айтты.
Ол Денсаулық сақтау министрлігі осы жылдың соңына дейін 6 миллион адамға екпе салдыру жоспарлап отырғанын еске салды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript