Тоқаев: Қазақстан экономикасы санкциялық сынақтарға дайын болуы керек

экономика қақтығысқа қарсы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2022 12:35 Сурет: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезінде Қазақстан экономикасы дағдарысты жағдайда үздіксіз жұмыс істеуі үшін санкциялық сын-қатерлерге тойтарыс беруге дайын болуы керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар кездесулер өткізгенін, оның барысында санкциялық текетірестің бұрын-соңды болмаған шиеленісуі жағдайында үкіметтің алдына елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер қойғанын айтты.

Дағдарыс жағдайында үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін экономикамыз санкциялық сын-қатерлерге қарсы тұруға дайын болуы керек. Алдағы қиындықтар мен сынақтарды бәріміз бірге еңсереміз деп ойлаймын. Олардың күрделілігін жоққа шығаруға болмайды, бірақ оны асыра бағалауға да болмайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: