Алматыда әскери билеттер онлайн форматта беріледі

Алматы гарнизонының баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2021 22:24 Алматы гарнизонының баспасөз қызметі
Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті 9 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2021 жылдан бастап 50 алматылық әскери билетті онлайн алу мүмкіндігін пайдаланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті 9 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Оның ішінде әскери билетті электронды форматта беру де бар.

Бүгінде онлайн-мемлекеттік қызметтерге сұраныс артты. Бұл - көптеген мекеме жабылған немесе жұмыс онлайн режиміне ауысқан карантин жағдайында өте ыңғайлы, - деді Алматы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Амантай Өсербаев.

2020 жылы 1000-нан астам алматылық электронды форматта әскери билет алғанын атай кеткен жөн.

Айта кетсек, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру аясында Қорғаныс министрлігі халыққа ұсынылған 16 қызметтің 15-ін электронды форматқа ауыстырған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: