Байғабыловқа қосымша тағы бір лауазымды қызмет сеніп тапсырылды

Алматы қалалық СЭБД, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2021 19:58 Алматы қалалық СЭБД
Сәдуақас Байғабылов 2020 жылдың 20 қарашасында Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің орынбасары болып тағайындалды.

Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Садуақас Байғабылов тағы бір лауазымға ие болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол енді Әдеп жөніндегі уәкіл болып табылады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2021 жылғы 1 ақпандағы бұйрығы бойынша, әдеп жөніндегі уәкіл қызметін атқару міндеті департамент бастығының орынбасарына, Байғабыловқа сеніп тапсырылады, - делінген департаменттің хабарламасында.

Сәдуақас Байғабылов 2020 жылдың 20 қарашасында Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің орынбасары болып тағайындалды.

Әдеп жөніндегі уәкіл - қызметтік этика нормаларын сақтауды қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексін бұзу фактілерінің алдын-алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын әрі мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтарға өз функциялары шеңберінде кеңес берумен айналысатын мемлекеттік қызметкер.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: