Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық делегация Катар инвесторларымен келіссөз өткізді

АО "НК "КAZAKH INVEST", сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2021 22:09 АО "НК "КAZAKH INVEST"
Туристік инфрақұрылымды кеңейту шеңберінде инвесторлар тарапынан Алматы және Маңғыстау облыстарында туристік объектілерді салу мүмкіндігіне сұраныс алынды.

Қазақстандық делегацияның Қатарға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды zakon.kz.

Делегацияға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров басшылық етеді.

Сапардың мақсаты – бірлескен нақты инвестициялық жобаларды пысықтау. Делегация құрамына Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің басшылықтары, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ, "КAZAKH INVEST" ҰК" АҚ, "Астана" халықаралық қаржы орталығының және Қазақстанның бірқатар жеке компанияларының өкілдері кірді.

"Мойындауымыз керек, біз Қатардың барлық мүмкіндіктері мен осы елдің бізге деген достық қарым-қатынасына қарамастан, әлемдік инвестор ретіндегі әлеуетін толық көлемде пайдаланған жоқпыз. Катар – жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің үшінші көрсеткіші бар, бүкіл әлемде прогрессивті көзқарасы бар және Qatar Investment Authority тәуелсіз қор арқылы ең үздік активтерде инвестициялық қатысуы бар бай мемлекет. Бірақ осының бәрі ескере отырып, бізде іс жүзінде бірлескен инвестициялық жобалар жоқтығын белгілегім келіп тұр. Бұл біздің кемшілігіміз және біз Катарды қайта ашуымыз керек", - деді Алмас Айдаров.

Сапар барысында делегация мүшелері Катар Орталық банкінің Төрағасымен, сондай-ақ "Qatar Sports Investments", "Qatar Mining", "Qatari Diar", "Hassad Food", "Widam", "Katara Hospitality" ұлттық компанияларының, "Qatar Investment Authority" Егемен қорының бірінші басшыларымен, сондай-ақ Катар бизнесмендер қауымдастығымен және басқа да жеке инвесторлармен келіссөздер жүргізді.

Алдыңғы уағдаластықтардың жалғасы ретінде қазақстандық делегация тау-кен металлургия, агро- және қорғаныс өнеркәсіп кешендері, туризм, мұнай-химия сияқты салаларда жалпы бағасы $4,6 млрд құрайтын 37 дайын "brownfield" жобасын ұсынды. Бұл жобалардың қазақстандық сенімді серіктестері бар және олар катарлық инвестициялық саясаттың ерекшелігін ескере отырып іріктелген.

Қазірдің өзінде Алматы облысында мал шаруашылығы мен сүт өндіру, тау-кен металлургия кешені мен қорғаныс өнеркәсібі салаларындағы жобалар бойынша белсенді келіссөздер басталды. Сондай-ақ, туристік инфрақұрылымды кеңейту шеңберінде инвесторлар тарапынан Алматы және Маңғыстау облыстарында туристік объектілерді салу мүмкіндігіне сұраныс алынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: