Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында жемқорлық азайып келеді

Арайлым Тастемір, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2021 16:15 Арайлым Тастемір
Киелі өңірде жемқорлық үлесі республикалық орташа деңгейден төмен.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдары мен облыстық басқармалардың басшылары және бейнеконференция арқылы өңірге қарасты қала/аудандардың әкімдері қатысты.

Комиссия отырысында мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау бойынша 2020 жылы "Transparency Kazakhstan" қоғамдық қоры жүргізген әлеуметтік зерттеудің нәтижелері жарияланып, ел азаматтары мен кәсіпкерлік өкілдері және "Ашық диалог" порталына келіп түскен шағымдар бойынша жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша ұсынымдар ортаға салынды.

Алқалы жиында өңір басшысы Өмірзақ Естайұлы Мемлекет басшысы қол қойған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына бекітілген өзгерістердің маңыздылығын алға тартып, мемлекеттік қызметтерді ұсынатын мекемелерге барынша халыққа қолайлы әрі сапалы қызмет көрсетуге басымдық беру қажеттігін және жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша атқарылып жатқан жобалардың Түркістан өңірі үшін маңызы жоғары екендігін атап өтті.

Жиында сөз алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай ел аумағында жүргізілген сауалнаманың нәтижесіне сәйкес, мемлекеттік органдарға жүгінген азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа тап болғандарының үлесі 11,3%-ды құрағанын, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 2,1% төмендегенін және мәселені бейресми жолмен шешуде қызығушылық білдірген шенеуніктер - 43,9%, делдалдарға жүгіну - 24,4%-ды (2019 жылы 18,1%) құрағанын жеткізді.

Сондай-ақ, ел аумағы бойынша сыбайлас жемқорлықпен кездескен азаматтардың орташа үлесі 8,2%-ды, ал Түркістан облысының үлесі 7%-ды құрағанын атап өтіп, бүгінгі күні киелі өңірде жемқорлық әрекеттеріне кезіккендердің үлесі республикалық орташа деңгейден төмен екендігін тілге тиек етті.

Бұдан бөлек, "Түркістан – адалдық алаңы" жобалық кеңсесімен 2020 жылы атқарылған жұмыстар баяндалып, өңір тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді сапалы, жедел және кедергісіз алуын қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі күні облысқа қарасты барлық қала/аудандардағы әкімдіктер толықтай "Сервистік әкімдік" үлгісіне көшкендігі мәлімделді.

Комиссия отырысында Келес, Сарыағаш, Жетісай аудандарының әкімдері мен қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау бойынша Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментімен бірлесе нақты шаралар жүзеге асырып жатқандығын жеткізді.

Жиын соңында өңірде жемқорлық деңгейін төмендету бойынша бірқатар ұсыныстар тыңдалып, қоғам індетімен күрес шаралары барлық мемлекеттік орган басшысының қызметінде басым бағыттардың бірі болуы қажет екендігі ескертілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: