Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында жемқорлық деңгейі төмендеп келеді

Арайлым Тастемір, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2021 02:43 Арайлым Тастемір
Облыс әкімі өңірде жемқорлық деңгейін төмендетуге тырысып жатыр.

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев, республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, жазушы Сәдібек Түгел, облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдары мен облыстық басқармалардың басшылары және бейнеконференция арқылы өңірге қарасты қала/аудандардың әкімдері қатысты.

Комиссия отырысында Өмірзақ Естайұлы өңірде жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жобалардың тиімділігінің нәтижесінде, өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметшілер арасында қылмыстық құқықбұзушылықтардың үлесі 33,7%-ға төмендегенін баса атап өтіп, Мемлекет басшысы қол қойған Заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға басымдық беру қажеттігін жеткізді.

Өз кезегінде Агенттік Төрағасының кеңесшісі Жазира Жақсылыққызы әкімшілік заңнамаға енгізілген түзетулердің негізінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыреттілігі кеңейгенін айрықша атап өтіп, бұдан былай мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы, жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы және заңсыз кірістер алуы сияқты әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға және олардың жолын кесуге Агенттік уәкілетті болып табылатынын баса атап өтті.

Сондай-ақ, Агенттікке Түркістан облысынан білім беру мекемелеріне қатысты, соның ішінде педагогикалық мөлшерлеменің ашық негізде бөлінбейтіндігі, еңбекақының уақытылы төленбейтіндігі, еңбек демалысына берілетін қаржының қолға тимеуі, балабақшаларда жалақы мәселесінің шешілмеуі сынды мәселелелер бойынша арыз-шағымдар келіп жатқандығын жеткізіп, бұл бойынша облыс әкіміне білім беру мекемелерін өз назарына алуын ұсынды.

Алқалы жиында сөз алған Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай Мемлекет басшысының 2020 жылдың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, сыбайлас жемқорлық факторларын анықтау үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторларда нормативтік актілер мен жұмыс процестеріне талдау жүргізу қажеттігін мәлімдеді.

Атап айтсақ, ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі талдаулардың сапасын қамтамасыз ету және оларды өткізу кезінде формализмді жою мақсатында ішкі талдау жұмыстарын іске асырудың келесі алгоритмі ретінде ішкі талдауды ұйымдастыруға басшы құрам өкілдері қатарынан жауапты тұлғаларды айқындау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс топтарын құру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс жоспарын бекіту және аралық ақпаратарды ұсыну, қорытынды талдамалық анықтаманы әзірлеу және іс-шаралар жоспарын бекіту мәселелерін бекіткенін атап өтті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2021 02:43

Бұдан бөлек, отырыс барысында облыстағы көлеңкелі экономикаға және салық төлеушілер мен кеден бекеттеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалды.

Жиын соңын қорытындылаған облыс әкімі өңірде жемқорлық деңгейін төмендету үшін қоғам індетімен күрес шаралары барлық мемлекеттік орган басшысының қызметінде басым бағыттардың бірі болуы қажет екендігін ескертті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: