Кім алады? Ескі көк "Москвич" үшін 4 млн сұрап тұр

kolesa.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2021 16:31 kolesa.kz
Автокөлік 1979 жылы шыққан екен.

Қазақстандық Kolesa.kz порталында алматылық азамат "Москвич-412" автокөлігін сатам депті, деп хабарлайды zakon.kz.

Хабарландыру иесі 1979 жылы шыққан көлік үшін ұялмай-ақ 4,2 млн теңге сұрайды.

Суреттеріне қарағанда, көліктің жағдайы жаман емес. Бірақ қырық жылдан асқан көліктің осы күнге дейін қанша шақырым жүріп тастағанын айтпапты.

Бұл "Москвич-412" деген мәшинеге 1,5 литрлік УЗАМ-412 карбюраторлы қозғалтқыш қойылған. Жаңа кезінде ол 75 аттың күшін өндіретін. Механикасы небәрі 4 сатылы.

"Москвич-412" алғаш рет 1967 жылы шыққан еді. Зауыттағы өндірісі 1997-ші жылы тоқтатылған. Бірақ ең соңғы бірнеше экземпляры конвейерден 2001-ші жылы шығыпты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2021 16:31

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: