Жаңалықтар тізбегі
0

Зейнетақы жинақтарын алуға қанша адам өтініш берді

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2021 15:24 primeminister.kz
Төлемдердің орташа сомасы 6,18 млн теңгені құрады. 14,7 млрд теңгеге тағы 2579 өтініш өңделуде.

2021 жылдың 8 ақпанындағы жағдай бойынша уәкілетті операторлардан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына нысаналы пайдалану үшін мерзімінен бұрын төлемдерді жүзеге асыруға шамамен 90 689 салымшының өтініші келіп түсті, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі.

50 350 өтініш орындалды және салымшылар уәкілетті операторларда ашылған өздерінің арнайы шоттарына шамамен 276 млрд теңге мөлшерінде біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) алды. Төлемдердің орташа сомасы 5,5 млн теңге.

73,7 млрд теңгеге жуық 14 мыңнан астам өтініш төлемдерді жүзеге асыру үшін өңделуде. Заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 26,3 мыңға жуық өтінім қабылданбады.

Республика бойынша өтініштердің ең көп саны - 19 209 өтініш (немесе 21,18%) Алматы қаласында қабылданды. Оның 11,3 мыңға жуығы орындалды. Уәкілетті оператор болып табылатын банктердегі салымшылардың арнайы шоттарына шамамен 69,6 млрд теңге аударылды. Төлемдердің орташа сомасы 6,18 млн теңгені құрады. 14,7 млрд теңгеге тағы 2579 өтініш өңделуде.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарынан 15 371 өтініш (шамамен 17%) қабылданды. 8 698 салымшы арнайы шоттарына 45,3 млрд теңгеден астам қаражат алды. Төлемдердің орташа сомасы 5,2 млн теңге. Өңдеуде 10,5 млрд теңге сомаға 2 156 өтініш бар.

Маңғыстау облысында БЗТ алуға 12 757 өтініш қабылданды (14%). 7062 өтініш орындалды – 61 млрд теңгеден астам қаражат салымшыларға тұрғын үй жағдайын жақсартуға аударылды. Облыстағы төлемдердің орташа сомасы 8,65 млрд теңгені құрады. Жалпы сомасы 21,5 млрд теңге болатын тағы 2519 өтініш орындалуын күтуде.

Тұтастай алғанда, Қазақстанның өңірлері бойынша БЖЗҚ-дан тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қаражат алу төмендегідей сипатқа ие:

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2021 15:24

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: