Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында "Басшылар дәрісі" басталды

ҚР МҚІА Қызылорда облысы бойынша департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2021 15:40 ҚР МҚІА Қызылорда облысы бойынша департаменті
Жобасы аясында аудан және ауылдық округ әкімдіктерінің қызметшілеріне онлайн форматта дәріс оқу жоспарлануда.

Қызылордада Президент тапсырмасы аясында әмбебап мемлекеттік қызметшілер даярлау қолға алынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жоба аясында облыстық басқармалардың басшылары аймақтың негізгі әлеуметтік-экономикалық салалары бойынша мемлекеттік қызметшілерге дәрістер оқиды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бастамашы болған жобаның мақсаты - азаматтардың сұраныстары мен қажеттіліктеріне жедел жауап бере алатын бәсекеге қабілетті әмбебап мамандар әзірлеу.

"Басшылар дәрісі" жобасы арқылы мемлекеттік қызметшілер түрлі салалардағы атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етіледі. Бұл мемлекеттік органдарға қабылдауға келген адамдарды түрлі мекемелерге сандалтпай, мүмкіндігінше бір жерден жан-жақты ақпарат беру үшін жасалып отыр, - деді департаменттің басқарма басшысы Жасұлан Шынтасов.

Мемлекет басшысының "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында қолға алынған жобаға Қызылорда облысы әкімдігі мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы қолдау білдірді.

Алғашқы кезекте Академияның облыстық филиалында қайта даярлау курстары мен біліктілігін арттыру семинарларынан өтіп жатқан тыңдаушыларға дәріс оқылады. Биылғы жылы филиал базасында 500-ден астам мемлекеттік қызметші білімін жетілдіреді.

Жалпы жоба алғашқы дәрістен бастап-ақ нәтижелі болатындығын дәлелдеді. Жобаның ашылуындағы дәрісте филиал тыңдаушылары бұл идеяға оң бағаларын берді. Бірінші дәрісті облыстық кәсіпкерлік және туризм, ішкі саясат басқармаларының басшылары өткізді. Дәріскерлердің тыңдаушылармен белсенді әңгіме-дүкен құрып, өзекті мәселелерді талқылауына шараның онлайн форматта өтуі де кедергі бола алмады.

Алдағы уақытта "Басшылар дәрісі" жобасы аясында аудан және ауылдық округ әкімдіктерінің қызметшілеріне онлайн форматта дәріс оқу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысында 3675 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Оның ішінде, 14 саяси, 1 "А" корпусының қызметшісі, 3660 - "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: