Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда баспана бағасы бұрқ етіп 17%-ға қымбаттады

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2021 22:36 видеодан кадр
Соған қарамастан, қазақстандықтар жылжымайтын нарықта бүгінде аса белсенді.

Елде баспана бағасы тағы шарықтап кетті. пайызға өскен. Мұны тұрғын-үй нарығындағы мамандар растап отыр. Олардың пайымынша, бұған бірнеше себеп бар. Жеке шаршы метрдің баға өсіміне не түрткі болды?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Соңғы бір жылда жаңа пәтер бағасы - 7,3 пайызға, ал, екінші нарықтағы баспана 17,9 пайызға қымбаттаған. Ұлттық статистика бюросы осындай ақпаратпен бөлісті. Ал, осы үйлерді тұрғызатындар жаңадан салынған баспана құны соңғы екі жылда әлдеқайда қымбаттағанын алға тартады.

Мадияр Жағапаров, құрылыс компаниясының бөлім басшысы:

2019 жылдан бастап санасақ су жаңа үйлер 20 пайызға қымбаттады. Бұған мемлекеттік бағдарламалардың қосылуы себеп. Өйткені олар тек енді салынған пәтерге арналады. Ал, екінші нарықтағы баспана нарықтағы түрлі өзгеріске тәуелді. Сондықтан ол да өскен.

Өткен аптада мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов «Нұрлы жер», «7-20-25», «5-10-20» сынды мемлекеттік бағдарламаларды сынаған еді. Халықтың баспана мәселесін шешеді деген бастамалар кей пысықайлардың оң жамбасына келіп тұр деген болатын.

Аманжан Жамалов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Әлбетте біздегі құрылыс компаниялары бұл жағдайды пайдаланып қалуға тырысады. Жұрт күткендей баспананың сапасымен емес, онсыз да қымбат пәтердің бағасын одан сайын көтеру арқылы жауап беруде. 2020 жылы жаңа баспананың құны 5 пайызға, екінші нарықтағысы 13.2 пайызға қымбаттады. Бұл ресми статистика. Ал Крыша кз порталының мәліметінше елде баспананың орташа бағасы 17,2 пайызға қымбаттап кеткен.

Ал, экономист Бауыржан Ысқақ соңғы бір жыл бойы жалғасып келе жатқан коронадағдарыс тұрғын-үй құнын арзандатуы керек еді, дейді. Өйткені, экономиканың дамуы бәсеңдеп, халықтың төлем қабілеті төмендеген.

Бауыржан Ысқақ, экономист:

Қазіргі уақытта 17-18 пайызға қымбаттап кетуінің негізгі себебі, бұл мына зейнетақы қорындағы қаражаттардың алынуы деп айтуға болады.

Сондай-ақ есеп-қисап маманы баспананың қымбаттауына үш себеп бар дейді.

Бірінші – сатып алушыдан да, сатушыдан да пайда көретін делдалдар мүддесі. Екінші – нарықтағы, қолданыстағы пәтерлерін сатып пайдаға жарату үшін барынша қымбат сатуға тырысатын жеке тұлғалар. Үшіншісі құрылыс компаниялары және олардың сыртында тұрған дөкей ағатайлар және солардың лоббиі.

Дегенмен, отандық құрылысшылар тұрғын-үй құнының өсуіне себепші емеспіз дейді. Сөйтіп, депутат пен экономист уәжімен келіспейді.

Талғат Ерғалиев, Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы:

Құрылыс саласының өз заңы бар. Мысалға құрылыс заттары қымбаттағаннан кейін, 3-7 айдан кейін ғана шаршы метрге әсер береді. Жаңа жылдың алдында құрылыс заттарының қымбаттағанына байланысты. Қазір ғана міне әсер беріп жатыр.

Ал құрылыс материалдары неге қымбаттайды? Себебі олардың дені шетелден және көрші елдерден келеді.

Мөлдір Меңсұлу, Құрылыс компаниясының басшысы:

Мәселен, мынау ғимараттың сыртын қаптайтын күйдірілген сырлы кірпіш. Біздегі құрылысшылардың дені осыны алады. Бұл Ресейден келеді. Бізде кірпіш жоқ емес, бар. Силикат та, қызыл кірпіш те, бәрі бар. Бірақ үлкен сұранысты, үлкен көлемді өтей алмайды. Бір тұрғын үй салуға там-тұмдап жетеді. Ал тұтас кешендерге қайдам.

Бірақ осының барлығына қарамастан, қазақстандықтар жылжымайтын нарықта бүгінде аса белсенді. Мұны риэлторлар растап отыр.

Жанна Мұстафина, жылжымайтын мүлік маманы:

Қалай дегенмен, қазір отандастарымыз үй алуға құштар. Бүгін міне, маған 10 адам келіп, кеңес алды. Олардың барлығы да баспаналы болуға даяр. Араларында жылдар бойы қаржы жинап, оған зейнетақысының бір бөлігін қосып баспаналы болмақшы.

Маман аймақтан да хабарласатындар бар дейді. Олардың көбісі елордада үй алуға ниетті екен. Мұны өңірлерде де жылжымайтын мүлік бағасының қымбаттауымен түсіндіруге болады. Мысалы, Петропавлда пәтер бағасы 28 пайызға, Павлодарда 26,5 және Семейде 25,2 пайызға баға өскен. Сондай-ақ жеке үйлердің құнының көтерілгені Нұр-Сұлтан мен Алматыда да байқалған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: