Жаңалықтар тізбегі
0

Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтер оңтайландырылады

Ашық дерекөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2021 17:53 Ашық дерекөздерден алынды
Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, заң жобасының мақсаты халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Сенат атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамалық актілерге бірқатар маңызды түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жалпы отырыс барысында "Кейбір заңнамалық актілерге атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын мақұлдады.

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, заң жобасының мақсаты халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Заңнамаға ұсынылып отырған түзетулер радиациялық қауіпсіздік пен халықтың денсаулығын қорғау саласындағы құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелерін шешуге бағытталған.

Осы мақсатта заң жобасында мынадай өзгерістер ұсынылған:

- "Атом энергиясын пайдалану туралы" және "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" заңдардың нормаларын нақты түсіндіру мақсатында терминология мен ұғымдық аппаратты нақтылау;

- халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты сапалы іске асыру, сондай-ақ өкілеттіктердің қайталануын болдырмау мақсатында мемлекеттік органдардың өкілеттіктері мен функцияларын ажырату;

- білім сынағынан өту рәсімдерін ырықтандыру мақсатында атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға аттестаттаудан қайта өту құқығын беру;

- ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау кезінде авариялық дайындықты және ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюды регламенттеу;

- жүйелерде, жабдықтарда, ядролық қондырғының жобалық және пайдалану құжаттамасында өзгерістер болған жағдайда ғана ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздікке қайта сараптама жүргізу;

- атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру, ол «бір өтінім» қағидатын қамтамасыз ететін болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: