Жаңалықтар тізбегі
0

Күйеуге шыққысы келетін қыздар таксист жігіттерге сигнал беруде

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2021 18:07 видеодан кадр
Қайда? Байға!

Қазақстандық арулар тездетіп күйеуге тиюдің тың әдісін ойлап тапқан тәрізді. Соңғы күндері желіде таксист жігітпен шаңырақ құруға ниет білдірген қыздардың қарасы күрт артқан. Ақ боз ат мінген ханзадасын күте-күте шаршады ма, арулар ақ такси тізгіндеген жүргізушілердің жүрегін жаулауға кірісіпті. Не үшін? Қалай?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Сүйем-күйем дегенің де, қалың малды бергенің де, гүлді сыйлағаның, кездесуге шақырғаның керек емес! Иә, таңғалмаңыз. Оң босағада отырып қалған арулар, тұрмысқа шығудың тың тәсілін тапқан тәрізді. Амалсыз.

Такси қызметін ұсынатын танымал қосымшаны танысу сайтына айналдырған нәзік жандардан жаңа тренд. Мекен-жайды жайына қалдырып, "қайда?" деген сұраққа "байға" деп жауап қататын болған. Бастаманы қазірдің өзінде мыңдаған бұрымды қостап, таксист жігіттерге ұсыныс тастапты.

Алайда, тренд құмар арулардың арасында тұрмыс құрғандар бар ма, жоқ па, ол жағы беймәлім. Өкініштісі, кейбірінің үмітін қосымша да ақтамапты.

Дегенмен, арулардың сөзінше, күйеу іздеп жатқан олар жоқ. Көбі "ішім пысып, қайталап көргім келді" деп ақталып жатыр. Алайда білетіндер, әр әзілдің астары бар дейді.

Жанар Сейітмағамбет, психолог:

Бір шындықпен айта алмаған айқайын, әзілмен айтып жатады көбі. Мүмкін сондай да бір отырып қалған қыздардың сигналы ма деп те түсінем.

Алайда, қалжың екенін қайдам, жігіттер арулардың бұл "сигналын" шын деп қабылдауы да мүмкін. Сондықтан әзілді де абайлап жеткізу керек дейді заңгерлер. Телефон номері мен мекен-жайды желіге ашық жариялау, түбі жақсылыққа апармасы анық деп ескертіп отыр.

Ботагөз Алпысбаева, заңгер:

Әр қолданушы түсінуі керек, қандай нәтижеге апаратының бұл іс-әрекеттері. Мүмкін алаяқтарға қолайлы болуы мүмкінсол себептен құқық бұзушылықты болдырмау үшін зорлық-зомбылық әрекеттерін болдырмау үшін осындай әзіл ретінде іс-әрекеттерді ойлап жасау керек.

Қызығы, бұған дейін желідегі кез-келген жаңашылдықты жастар батысқа еліктеп жасаған болса, бұл жолғысы отандастырымыздың өз ойынан шыққан бастамасы екен. Бейресми дерекке сүйенсек, елде 700 мың бұрымды оң босағада отырып қалған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: