Ерболат Мұқаев ҚР ИИДМ аппаратының басшысы болып тағайындалды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2021 18:59 primeminister.kz
Ол мамандығы бойынша физика пәнінің мұғалімі, саясаттанушы, экономист.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Мұқаев Ерболат Рахметұлы ҚР ИИДМ аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ерболат Мұқаев 1961 жылы Орал облысында туған.

Гурьев педагогикалық институтын, БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген. Мамандығы бойынша физика пәнінің мұғалімі, саясаттанушы, экономист.

Еңбек жолын 1979 жылы орта білім беру мекемелерінде оқытушылық қызметтен бастаған. 1985-1992 жж. Орал облысының комсомол және партия ұйымдарында жұмыс істеді.

1992-1993 жж. — Орал облысы Фурманов аудандық статистика бөлімінің бастығы.

1993-1996 жж. — Орал облысы Фурманов аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары.

1996-2001 жж. Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында басшылық қызметтерде еңбек етті.

2001-2005 жж. — Орал қаласында облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары.

2005-2007 жж. — Орал қаласы әкімінің орынбасары.

2007-2008 жж. — Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.

2008-2020 жж. — төртінші, бесінші және алтыншы шақырылымындағы Парламент Сенатының депутаты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: