Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да карантин мерзімі ұзартылды

pexels.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2021 20:54 pexels.com
Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, ШҚО қазір "жасыл" аймақта болып саналады.

Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеу шаралары ұзартылды, деп хабарлайды zakon.kz.

30 қаңтарда жарияланған №3 қаулыға бірқатар өзгеріс енгізілді. Құжатта медициналық немесе қарапайым матадан тігілген масканы дұрыс кию талаптары нақтыланған: маска мұрынды, ауызды және иекті тұтас жауып тұруы тиіс. Сөйлескен кезде масканы иекке сырып тастауға, қолға немесе мойынға байлап алуға болмайды.

Бұл талаптар қазір жұмыс істеп тұрған нысандардағы қызметкерлердің барлығына бірдей. Сондай-ақ қайта әлеуметтендіру және бейімдеу орталықтарына, денсаулық сақтау ұйымдарына ем-шараға мәжбүрлі түрде жеткізілген белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар ПТР әдісімен зертханалық тексеруден өтеді, – деп жазылған ШҚО бас санитарлық дәрінің міндетін атқарушы Хамит Елубаевтың қол қойған қаулысында.

Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, ШҚО қазір "жасыл" аймақта болып саналады.

Өткен тәулікте, 11 ақпанда облыста коронавирустың 64 дерегі тіркелді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: