Коронавирустың таралу деңгейі бойынша бір облыс қайтадан "қызыл" аймаққа түсіп қалды

kstnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2021 18:54 kstnews.kz
Жалпы, Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша тұрақты - "жасыл" аймақта болып саналады.

Бір өңіріміз коронавирустың таралуы бойынша тағы да "қызыл" аймаққа түсіп қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

6 қаңтарға арналған Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. Екі күннен бері "сары" аймақта болған Атырау облысы қайтадан қауіпті - "қызыл" аймаққа тап болды. Соңғы тәулікте коронавирус 101 адамнан анықталды.

"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстары.

Қалған облыстар "жасыл" аймақта болып есептеледі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2021 18:54

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: