Жаңалықтар тізбегі
0

"Қазақмысқа" қажет боп тұр: билік ауыл тұрғындарының жерін тартып алмақ

gorodpavlodar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2021 14:53 gorodpavlodar.kz
Жерді мемлекет қажетіне мәжбүрлі түрде алу Қазақстан үкіметінің не жергілікті биліктің қаулысы арқылы жүреді.

Қарағанды облысындағы Жезқазған ауылы мен тағы бірнеше кенттің тұрғындары өздері тұрып жатқан елдімекеннің жерін "Қазақмыс" корпорациясының мыс өндіруіне бергісі келмей, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазған хатына жауап алды, дейді centralasian.org сайты.

Бірақ хатқа Ақорда емес жергілікті әкімдік жіберген.

Қарағанды облысындағы бірнеше ауылдың жері "мемлекет қажетіне" алу туралы сот шешімі шыққан. Бұған кейбір тұрғындар келіспей Тоқаевтан араша сұраған.

Тұрғындар жазған хаттарына келген жауапқа көңілі толмайды. Олар президенттен реакция күткенін, бірақ жергілікті шенеуніктерден әдеттегідей жауап алғанын айтады.

Тұрғындар президентке хатта "жеке компанияның мүддесі үшін тұрып жатқан жерлерінен көшіріп жатқанын", "мыс өндіру жоспарын құрғанда Жезқазған ауылындағы автожол, коммуникация, молалардың бары екерілмегенін" жазған.

Сәтпаев қаласы әкімдігінің жауабында "Тоқаев пен Қарағанды облысы әкіміне жазылған хатты жергілікті атқарушы орган қарастырғаны" жазылған.

"Жезқазған ауылындағы жер телімдерін алу Сәтпаев қаласында жаңа баспаналар салынуына байланысты кезекпен және жер иесімен келісім процедурасынан соң жүреді. Жерді мемлекет қажетіне мәжбүрлі түрде алу Қазақстан үкіметінің не жергілікті биліктің қаулысы арқылы жүреді. Жер телімінің иесі Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысынан соң келісім беріп, жерді беру процесін бастай алады. Егер келіспесе, мемлекет қажетіне жер телімін алу сот арқылы жүргізіледі" деп жазылған жауапта.

Ауыл тұрғындары Азаттыққа кейінгі уақытта өздеріне қысым көбейгенін айтады. Олардың сөзінше, он отбасы қалған Крестовский ауылында суды өшіріп тастаған. Ал Жезқазған ауылының тұрғындары белгісіз біреулер "Теле 2" байланысының тоғын үзіп кеткенін айтады. Ауылда бизнесі барлар тексеріс жиілегеніне шағымданады. Кейінгі уақытта көшуден бас тартқандардың үйлерін түнде біреулер бүлдіріп, өрт қойып кетіп жүр.

Жезқазған, Крестовский, Весовая, Перевалка және Геологоразведочный (ГРП) ауылдарының жерлері "мемлекеттік қажеттілігіне" алынады деген шешім шыққан. Қазір бұл ауылдарда жүздей отбасы қалды. Әкімдіктің есебінше, үш мыңдай отбасы жерлерін "мемлекет мүддесіне" беруі тиіс. Билікпен келісімге келген отбасылар да бар. Бұған дейін Азаттық тілшісі "Қазақмыс" корпорациясына ресми сауал жолдаған, бірақ әлі жауап келмеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: