Жаңалықтар тізбегі
0

Нұржан Нұржігітов: Жергілікті билік халықпен тиімді кері байланыс орнату қажет

әкім жиын өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2022 12:47 Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша, азаматтармен сындарлы диалог орнатуға қатысты тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында жергілікті биліктің тұрғындармен кері байланысына айрықша көңіл бөлінуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов аудан әкімдері мен басқарма басшыларына әлеуметтік желіде белсенділіктерін арттыру, өтініштер мен сұрақтарға уақытылы, сапалы жауап беру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

әкімге есеп берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2022 12:47

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бұл бағыттағы жұмыстар жүйеленіп, тиісті нәтижеге жеткенше әр апта сайын аймақ басшысының төрағалығымен өтетін аппараттық кеңестің күн тәртібінде негізгі мәселе ретінде қаралуда.

Кезекті басқосуда да кері байланыстың маңыздылығы туралы жан-жақты айтылды.

жаңа баспасөз хатшысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2022 12:47

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы

Жиында облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Асқарұлы баяндама жасап, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желідегі белсенділігі, тұрғындармен кері байланысы бойынша жүргізілген талдау қорытындысына тоқталды.

Ол әлеуметтік желіде жазылған кейбір шағын мәселелерге аудан, қала, басқарма көлемінде тиісті жауап берілмеген соң облыс әкімінің, республика деңгейінде көтеріліп жататынын жеткізді.

әкімге баяндама жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2022 12:47

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Жамбыл облысы бірыңғай диспетчерлік қызметі» КММ жетекшісі Бақкелді Тұрсынбек күнделікті жамбылдықтардан түсіп отырған өтініштердің мазмұны мен жауап берілу барысына тоқталды. Кешіктірілген өтініштер мен немқұрайлы қарағандар туралы баяндады.

Облыс әкімінің жақында тағайындалған кері байланыс жөніндегі кеңесшісі Нұрмухаммед Ниязбеков әлеуметтік желідегі өзекті мәселе көтерген жазабаларға шолу жасап, оларға берілген жауаптардың сапасына назар аудартты.

әкімге есеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2022 12:47

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Нұржан Нұржігітов кемшіліктер бойынша қала, аудан әкімдері мен басқарма басшыларынан жауаптар алып, кері байланысқа салғырт қарамау керектігін ескертті. Бұл мәселе өзінің жеке бақылауында болатынын атап өтіп, апта сайын саралап, зерделеу жұмыстарын жүргізіп отыру үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: