Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы мәслихатының депутаттары тегін вакцинаны салғызып алды 

Maslihat Almaty, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2021 20:27 Maslihat Almaty
Қазақстанда коронавирустан вакциналау тегін және ерікті түрде жүріп жатыр.

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары коронавирусқа қарсы екпе салдырды, деп хабарлайды zakon.kz.

VII сайланым депутаттарынан құралған бастамашы топ вакцина салуға алғашқылардың бірі болып ерік білдірді.

Екпе Алматы қаласындағы №5 емханада салынды. Алматылық мәслихат депутаттары алдымен дәрігерлердің тексеруінен өтіп, қан талдамасын тапсырды. Екпе салдырғаннан кейін 30 минут бойы дәрігер бақылауында болды.

Пандемия кезінде коронавирус жұқтырып алу қаупі вакцина салдыру қаупімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екенін түсінемін. Біз адамдар арасында жиі жүреміз, сондықтан вакцина өте маңызды. ДДҰ пайымдауынша, жаппай вакциналаудың арқасында ғана пандемияны тоқтатып, адамдардың өмірін сақтап қалуға болады, - деді Алматы қалалық мәслихатының депутаты Станислав Канкуров.

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап халықты жаппай вакциналауға арналған ауқымды кампания басталды.

Дәрігер болғандықтан, коронавирустың таралуына жаппай вакцина салдыру ғана қарсы тұра алатынын түсінемін. Иммундау ауру қаупін бірнеше есеге азайтатынын түсінуіміз керек. Бүгін әріптестерімізбен бірге халықтың қауіпсіздігі біз үшін аса маңызды екенін көрсеткіміз келеді. Бұл вирусты осылай ғана жеңе аламыз, - деді Алматы қалалық мәслихатының депутаты Әсия Ақанова.

Қазақстанда коронавирустан вакциналау тегін және ерікті түрде жүріп жатыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2021 20:27

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: