Алда жауын-шашынды күндер күтіп тұр
Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа-райы болады, деп хабарлайды zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК 17 ақпанға арналған ауа-райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашынды болады, кей жерлерде жаңбыр жауса, кей жерлерде қар жауады, оңтүстік-батыста жаңбыр құяды деп күтіледі.
Тек республикамыздың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында антициклон әсерінен жауын-шашын болмайды. Республикамыздың кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, қатты жел тұрады, солтүстік пен батыста бұрқасын болады, - деп атап өтті метеорологтар.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді, Жарма ауданында жел екпіні 23 м / с болады деп күтіледі.
Маңғыстау, Атырау облыстарында көктайғақ, бұрқасын болады, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысында - тұман.
Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел екпіні 18-23 м/с күшейеді.
Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасын жел тұрып, тұман, көктайғақ күтіледі.
Жамбыл, Түркістан, СҚО, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман болады. Павлодар, Қарағанды облыстарында көктайғақ күтіледі.
Нұр-Сұлтанда: көшпелі бұлт шығады, аздап қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан жел түнде 3-8 м / с, күндіз 9-14 м / с екпінмен солтүстік-шығысқа қарай ойысады. Ауа температурасы: түнде -13-15 ° С, күндіз -9-11 ° С.
Алматыда: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 0-5 м / с. Ауа температурасы түнде: 0, + 2 ° С, күндіз + 11 + 13 ° С.