ШҚО-да қауіпті жол учаскелеріне LED-экрандар орнатылды

ШҚО ПД, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2021 23:55 ШҚО ПД
Қауіпті учаскелерге бес LED-экран орнатылды.

Шығыс Қазақстан облысында жолдағы қауіпті учаскелерге LED-экрандар орнатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметі жүргізушілердің жол жүрісі қағидаларын сақтауы және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қауіпті учаскелерге бес LED-экран орнатылғанын хабарлады.

"LED-экранда жүргізушілер елді-мекендерден шығар алдында жолдардың жай-күйі мен ауа-райы туралы соңғы ақпараттармен таныса алады. LED-экрандар "Өскемен – Алтай", "Омбы – Майқапшағай", "Өскемен – Риддер" тасжолдарына қойылған", - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Айта кетсек, өткен айда өңір аумағында 64 жол апаты тіркелген. Соның салдарынан 12 адам көз жұмып, 82 адам түрлі дене жарақаттарын алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: