Жаңалықтар тізбегі
0

Билігі жемқор мемлекеттер бір біріне АЭС салса – бұл катастрофа

russian.rt, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2021 03:27 russian.rt
Мұның арты немен тынатынын бір Құдай біледі.

Өткен аптада Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин "Комсомольская правда" газетіне сала-құлаш сұхбат беріп, екі елдің қарым-қатынасы туралы біраз әңгіме қозғап, сөз арасында Ресейдің мемлекеттік "Росатом" корпорациясы Қазақстанда атом электр станциясының құрылысына кірісуге дайын екенін мәлімдеп жіберді, дейді Жас Алаш газеті.

Елшінің айтуынша, Қазақстанда электр қуатының тапшылығы болжанып отыр, осы жағдайдың алдын алу үшін Қазақстанға АЭС құрылысы өте-мөте маңызды екен-мыс.

Әлемнің өзге мемлекеттері сияқты Қазақстан да таза энергияға зәру. Бұл саладағы тиімді шешімдердің бірі – атом электр станциясы. Сондықтан Қазақстан үшін АЭС құрылысы өте маңызды. "Росатом" бұл жобаға кірісуге дайын, станцияның қауіпсіздігі мен экологиялық тазалығына кепілдік береді. Ресей атомына сенімсіздік танытып, үреймен қарайтындар қателеседі. Ресей АЭС-терінде ең озық заманауи технологиялар қолданылады. Таза электр қуатын айтпағанда, АЭС жобасы Қазақстан экономикасының басқа салаларына мықты серпін береді, жоғары білікті мамандарға жұмыс орындарын ашып, ядролық физика саласындағы жоғары білім сапасын арттырады, – деп көсіле сөйлепті Бородавкин мырза.

Шыны керек, "Ресей, қазақ жері және АЭС" деген ауыр тақырып соңғы 20 жыл бойы тұрақты түрде жиі-жиі, түрлі деңгейде көтеріліп келеді. Соңғы рет, екі жылға жуық уақыт бұрын Путиннің өзі көтерген еді бұл тақырыпты. 2019 жылдың сәуір айының басында Қасым-Жомарт Тоқаев енді ғана Қазақ елінің президенті атана салысымен Мәскеуге аттанып, сол кездесуде Ресей президенті Қазақстанда Ресей технологиясымен АЭС салуды ұсынған еді.

Елші Бородавкиннің АЭС жайындағы соңғы мәлімдемесіне қазақ баспасөзі пәлендей қарсыласып бұлдана қоймағанда, ұлты орыс қазақстандық журналист, жазушы және әлеуметтік желілерде өз көзқарасын белсенді айтатын қоғам қайраткері Вадим Борейко ашық түрде бұған қарсы шықты.

– Былтыр біздің ютубтегі "Гиперборей" деген каналымыздың командасы Чернобыльдағы шеттетілген аймаққа да, болашақ АЭС салынады делінген Балқаштағы Үлкен ауылына да барып қайтты. Екі фильм түсірдік (орыс тілінде) – "Чернобыль и АЭС в Казахстане" және "Улькен: Апокалипсис сегодня". Қысқасы, мен бұл мәселенің материалдық мазмұнын әбден зерттеп, нақты және біржақты пікірге біржолата келдім: мен Қазақстандағы АЭС құрылысына қарсымын. Неге десеңіз, мынадай дәлелдер мен негіздерімді ұсынамын: біріншіден, біздің елімізде АЭС құрылысына ешқандай экономикалық негіз жоқ. Бұл – түптеп келгенде, Ресейдің Қазақстанды геосаяси бағындыруының тағы бір әдісі. Екіншіден, егер бір атақты жемқорлар мемлекеті екінші бір атышулы жемқорлар мемлекетінің жерінде атом станциясын сала бастаса – мұның өзі дайын тұрған катастрофа. Мұның арты немен тынатынын бір Құдай біледі. Мұндай тірліктен еш жақсылық күтуге болмайды. Үшіншіден, құрудың алдында аз-ақ тұрған Үлкен ауылын міндетті түрде қалайда дамыту керек, ол жерде атом электр стансасы болса да, болмаса да! Қазақстанда Үлкен сияқты сүреңі әбден қашқан ауылдар жүздеп, мыңдап саналады, ендеше олардың әрқайсысының жанынан АЭС салуымыз керек пе? Қысқасы, бұл болмайды, мен Қазақстандағы ресейлік АЭС-ке қарсымын, – деді Вадим Борейко.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: