Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 14 адам қайтыс болды
kubnews.ru
17 ақпандағы жағдай бойынша, 22 295 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 14 адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, коронавирустың салдарынан 12 адам, пневмониядан 2 адам қайтыс болды.
17 ақпандағы жағдай бойынша, 22 295 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр (13 846: КВИ + және 8 449: КВИ-), оның 4 927-сі стационарда, ал 17 368 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.
15 ақпандағы жағдай бойынша, пневмонияның 66 жағдайы, екі кісі өлімі тіркелді, ем алған 235 адам ауруынан сауықты, - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript