ШҚО-да мерекеге орай көпбалалы аналарға 14 585 теңгеден беріледі

Төлемді алу үшін "Қазпочта" АҚ филиалдарына хабарласу жеткілікті. Өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы керек.
Халықаралық әйелдер күніне орай ШҚО-дағы көпбалалы аналарға ақшалай төлем беріледі. Қаржылай көмек төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған әйелдерге тағайындалады, деп хабарлайды zakon.kz altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ ақшалай төлемді "Алтын алқа", "Күміс алқа" немесе бұрын "Батыр ана", "Ана Даңқы" ордендерімен марапатталғандар да ала алады. Төлем мөлшері 5 АЕК (14 585 теңге) құрайды. Бұл атаулы және мерекелі даталарға арналған төлем категориясы, - деп хабарлады ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының әлеуметтік төлемдер бойынша бөлім басшысы Бұлбұл Балабекқызы.
Мемлекеттік көмек 8 наурыздан кейін берілетінін айтып өтейік. Төлемді алу үшін "Қазпочта" АҚ филиалдарына хабарласу жеткілікті. Өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы керек.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript