Қаржы пирамидасын қалай ажыратуға болады?
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 150-бабымен және ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабымен қаржы пирамидаларын жарнамалау және олардың қызметін жүзеге асыру үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
ҚМА Қаржы пирамидасының мынадай негізгі белгілеріне назар аударады:
1. Қаражаттың елеулі сомасын салу қажеттілігі.
2. Ірі пайыздарды және салынған ақшаны тез қайтаруды уәде ету.
3. Төлемді алу үшін таныстарыңызды олар да өз қаражаттарын салуы үшін тарту керек.
4. Жоба "ноу-хау" ретінде ұсынылады.
5. Компания қаражат жинау қарсаңында тіркелген, оның жарғылық капиталы ең төмен және жалғыз құрылтайшысы бар. Тіркеуді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында "Салық төлеушілерді іздеу" сервисі арқылы тексеруге болады.
6. Әлеуметтік желілердегі белсенді және ойдан кетпейтін жарнама, түрлі презентациялар, түрлі мүмкін сыйлықтардың ұтыс ойындары, сыйлықтар, жолдамалар, парақшаларды жаппай тарату, пошта және e-mail арқылы тарату.
7. Шартты мұқият зерделеу кезінде, егер бір нәрсе дұрыс болмай қалса, ешкімге жауапкершілік жүктелмейтіні түсінікті.
8. Компания өзін "микроқаржы ұйымы", "несие бюросы", "қарызға қарсы бағдарлама", "қаржылық қызметтер орталығы" ретінде жасыра алады. Жиі "Сіз банктен бас тарттыңыз ба? Біз көмектесеміз!", "Берешектен құтылуға көмектесеміз!", "Ақшаңызды көбейтіңіз", "Тәуекелсіз пассивті кіріс" және т. б. "қатты" ұрандармен бірге жүреді.
9. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы жоқ.
10. Қолма-қол ақшаны қабылдайды немесе компанияның банктердегі арнайы есеп айырысу шоттарын қолданбай, интернет-төлемдер мен аударымдардың әртүрлі жүйелерін пайдаланады.
Мысалы, "Finiko" компаниясы жоғары пайыздарды ұсынады (2-тармақ), бірақ бастапқы соманы салу қажет (1-тармақ), пайдаланушыға CFR криптовалюталарын және өзге инвестициялық құралдарды сатып алуды ұсынады (4-тармақ), ҚНРДА-нің лицензиясы жоқ (9-тармақ), өздерін "пайда табудың автоматтандырылған жүйесі" ретінде жарнамалайды (6 және 8-тармақ), ақшаны тек қолма-қол нысанда қабылдайды немесе Qiwi-әмияндар, Яндекс-ақша, Easy Pay, PayPal және басқалары (10-тармақ) сияқты интернет-төлемдер мен аударымдарды қолданады.
Осылайша, 10 белгінің 7-і қаржы пирамидасының қызметіне сәйкес келеді.
Мәселен, биылғы жылы Өскемен қаласында ШҚО бойынша ЭТД Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны "Денежный поток" қаржы пирамидасын құру және басшылық жасау фактісімен сотталды.
Тергеу барысында 2019-2020 жылдары Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғынының "WhatsUp" мобильді желісі арқылы "Денежный поток" атты қаржы пирамидасын құрып, тұрғындарға ақшаларын жоғары пайызбен қайтарамыз деп уәде бергені анықталған.
"WhatsApp" желісі арқылы түрлі жарнама және түгіттеу жұытарын жүргізген, салымшыларды түрлі акциялармен қызықтырған, қатысушыларға салымшылардың ақшасы Ресейдің ірі құрылыс компаниясында айналымда деп түсіндірген.
"Денежный поток" қаржы пирамидасының шарты бойынша екі айға салынған қаражат апта сайын 25% қайтарылып отырылады. Мәселен, егер 100 мың теңге салсаң, 8 апта бойына 25 мың теңгеден алып отырасың, яғни соңында 200 мың теңге аласың.
Пирамидаға ақша сала отырып, адамдар екі айдың ішінде 100 пайыз пайда табуды көздеген.
Салымшылар ешқандай келісім шарт жасаспаған, ақшаны ұйымдастырушылардың Каспи Голд картасына жіберіп отырған.
Пирамиданың басында жәбірленушілер пайда көріп отырған, бірақ соңы белгілі болды, ақша қаражаттары аударылғаннан кейін қайтпаған.
Қылмыстық істі тергеу барысында "Денежный поток" қаржы пирамидасының 373 қатысушысы анықталды.
Маманның қорытындысы бойынша қатысушылардың салған салымы -208 миллион теңгені құрады, оның 163 миллион сомасы салымшыларға қайта қайтарылған.
Департаментке 43 адам жәбір көргендері туралы арызбен жүгінді.
Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен қаржылық пирамиданы ұйымдастырушылар ҚР ҚК 217 бабының 3 бөлігі 2 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандықтарынан айрылды.
Құрметті азаматтар, егер сіз қаржы пирамидасына тап болсаңыз немесе осындай пирамидаға Сіздің таныстарыңыз немесе жақындарыңыз тартылған болса, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру депаратаментіне жүгінуіңізді сұраймыз. Сенім телефоны: +7 (7232) 240605.