Жаңалықтар тізбегі
0

Еуропа соты Ресейден Навальныйды тез арада босатуды талап етті

aa.com.tr, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2021 15:04 aa.com.tr
Навальныйды абақтыға қамау туралы сот шешімі әлі күшіне енбеді.

Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот Ресейден тез арада Алексей Навальныйды босатуды талап етті, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Сот регламентіне сәйкес, талап міндетті түрде орындалуға жатады. Кері жағдайда шара қолданылады. Бірақ әділет министрлігі бұл талапты орындамайтынын жеткізді.

Ақпан айында Мәскеу соты Навальныйды 2014 жылы шығарылған шешімді алға тартып, 2 жыл 8 айға қамау туралы шешім шығарған. Ол онда алаятық бабымен айыпталған. 2017 жылы Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот "Ив Роше" деген істе Навальныйдың құқығы бұзылып, әділетті түрде тергеуге мүмкіндік берілмеді деген қаулы шығарған.

Навальныйға өтемақы төленген. Бірақ Ресейдің Жоғарғы соты шешім заңды деп, оны өзгертуден бас тартқан.

Ресейдің әділет министрлігінің баспасөз қызметі ТАСС агенттігіне Еуропалық сотты "тәуелсіз мемлекеттің сот жүйесіне араласты" деп есептейтінін жеткізген.

Ақпан айының басында Еуропалық кеңестің министрлер комитеті аталған мәселе бойынша Навальныйдың өтінішін қарауға кіріскен.

Егер комитет Навальныйдың өтініші негізді деп санайтын болса, Еуропалық кеңесте Ресейдің құқығы тоқтатылуы мүмкін.

Навальныйды абақтыға қамау туралы сот шешімі әлі күшіне енбеді. Адвокаттарының арызы Еуропалық сотқа жіберілген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: