Жаңалықтар тізбегі
0

ХҚО менеджері құрылыс компанияларының кеңсесінде отыратын болады

egov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2021 21:10 egov.kz
Олар клиенттердің жылжымайтын мүлікті тіркеуге кететін уақытын едәуір қысқарта алады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бірыңғай провайдер ретінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жылжымалы мүлік кепілі, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру саласында бірқатар мемлекеттік қызметті көрсетеді. ХҚО менеджерін өз офисіне орналастыра отырып, құрылыс компаниялары мен олардың клиенттері ХҚО-ға жүгінбей, мемлекеттік қызметтерді тез және сапалы алатын болады, деп хабарлайды zakon.kz.

Онлайн кездесуде мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Әділ Қожықов Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс компанияларының өкілдеріне жеке менеджерді кеңселерде орналастырудың артықшылықтары туралы айтып берді.

Біздің менеджерлер құрылыс компанияларының сату бөлімдерінде бола тұра, нотариалды растаусыз сатып алу-сату/сыйға тарту шартын жасап, дайын болған құжаттарды беріп, клиенттердің жылжымайтын мүлікті тіркеуге кететін уақытын едәуір қысқарта алады. Бүгінгі таңда ХҚО операторлары BI-Group компаниясының 2 сату бөлімінде және G-Park компаниясының бір бөлімінде орналасқан, бұл ұсынылатын қызметтердің мерзімі мен сапасына оң әсерін тигізді, – деді мемлекеттік корпорация төрағасы.

Сондай-ақ мемлекеттік корпорация құрылыс компанияларына жеке тұлғалар үшін жылжымайтын мүлік кепіл шартын тіркеу кезінде пайдаланылатын Blockchain технологиясын таныстырды. Технология жылжымайтын мүліктің ауыртпалығы бар/жоғы туралы анықтама алу үшін ХҚО-ға бармай-ақ, кепіл шартын тіркеу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді, банк қызметкері өтінімді қалыптастырған кезде ауыртпалық туралы мәлімет автоматты түрде шығады. Технологияны қолдану аясын кеңейту үшін мемлекеттік корпорация заңды тұлғалар үшін кепіл шарттарын тіркеу, ауыртпалықтарды алу және жеке және заңды тұлғалар үшін қайта кепіл функцияларын іске асыру сияқты басқа да қызметтерді қосуды жоспарлап отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: