Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында 5 аудан прокурорлары тағайындалды

Sputnik / Максим Маслов, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2021 19:32 Sputnik / Максим Маслов
Б.К. Шерәлі 1988 жылы дүниеге келген.

ҚР Бас Прокурорының 2021 жылғы 17 ақпандағы бұйрығымен Зеренді ауданының прокуроры болып Асқар Балталыұлы Байжанов, Есіл ауданының прокуроры болып Асхат Әміржанұлы Қабдушев, Біржан Сал ауданының прокуроры болып Самат Сапарбекұлы Нұрманбеков, Бурабай ауданының прокуроры болып Бағдат Қайратұлы Шерәлі, Қорғалжын ауданының прокуроры болып Жандос Жұмабайұлы Нұржанов тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

А.Б.Байжанов 1981 жылы туған.

Қазақ гуманитарлық заң университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2002 жылы бастаған. Әр жылдары Ақмола мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының орынбасары, Ерейментау және Сандықтау аудандары прокурорларының орынбасары қызметтерін атқарған. Астрахан ауданының прокуроры болған. Осы уақытқа дейін Бурабай ауданының прокуроры лауазымында қызмет атқарған.

Прокуратура органдарында 18 жылдан астам қызмет өтілі бар.

Сыныптық шені-әділет кеңесшісі.

А.А.Қабдушев 1979 жылы туған.

ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы бастаған. Әр жылдары Ақмола мамандандырылған прокурорының көмекшісі, Ақмола табиғатты қорғау прокурорының көмекшісі, Жақсы, Аршалы, Зеренді аудандары прокурорларының орынбасары қызметтерін атқарған. Ерейментау ауданының прокуроры болған. Осы уақытқа дейін Біржан Сал ауданының прокуроры қызметін атқарды.

Прокуратура органдарында 20 жылдан астам қызмет өтілі бар.

Сыныптық шені-әділет кеңесшісі.

С.С.Нұрманбеков 1977 жылы туған.

"Фемида" Қарағанды заң институтын "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2003 жылы бастаған. Әр жылдары Шортанды ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарды. Егіндікөл ауданының прокуроры болған. Осы уақытқа дейін Есіл ауданының прокуроры қызметін атқарды.

Прокуратура органдарында 17 жылдан астам қызмет өтілі бар.

Сыныптық шені-әділет кеңесшісі.

Б.К. Шерәлі 1988 жылы дүниеге келген.

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Академиясының заң институтын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Құқық қорғау қызметі", "Құқықтану" мамандықтары бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2014 жылы бастаған. Нұр-Сұлтан қаласының прокуратура органдарында, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Осы уақытқа дейін Қорғалжын ауданының прокуроры қызметін атқарды.

Сыныптық шені-кіші әділет кеңесшісі.

Ж.Ж.Нұржанов 1985 жылы туған.

Қазақ гуманитарлық заң университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2010 жылы бастаған. Қарағанды облысының прокуратура органдарында, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Осы уақытқа дейін Степногорск қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

Сыныптық шені-кіші әділет кеңесшісі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: