Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да қазақтардың үлес салмағы күрт өсіп келеді

Ашық дерекөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2021 21:44 Ашық дерекөздерден алынды
Өңірдегі жаңа туған балалардың 80 пайызының ұлты - қазақ.

Шығыс Қазақстан облысында бала туу көрсеткіші бұрынғыдан артты. Табиғи өсім бар, деп хабарлайды zakon.kz.

Altaynews.kz сайты келтірген дерекке сүйенсек, өңірдегі жаңа туған балалардың 80 пайызының ұлты - қазақ.

Ұлттық статистика департаментінің ақпараты бойынша, былтыр 22 543 нәресте дүниеге келді. 16 655 адам қайтыс болды. Яғни, табиғи өсім – 5 888 адам. Бұл - алдыңғы жылдан 2,7% көп көрсеткіш.

Жаңа туған балалар арасындағы қазақтардың үлес салмағы – 77%, орыстар – 20%, немістер мен татарлар 1%-дан. Дүниеге келген нәрестелердің 51,8%-ы ұл, 48,2%-ы қыз. Жалпы облыста, биылғы есеп бойынша, 1 363 656 адам тіркелді, – дейді қалалық әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ольга Манохина.

Оның айтуы бойынша, бала туу көрсеткіші Абай, Зайсан, Көкпекті, Ұлан және Шемонаиха аудандарында, алдыңғы жылмен салыстырғанда, төмендегені байқалды.

Риддер қаласы, Глубокое, Шемонаиха және Алтай аудандарында халық саны табиғи түрде кеміді. Басқа өңірлерде, соның ішінде жоғарыдағы бала туу көрсеткіші төмендеді деген аудандарда да, табиғи өсім бар, – дейді Манохина.

Оның айтуынша, қайтыс болғандар санының 52,7%-ы – ерлер, 47,3%-ы – әйелдер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: