Қазақстанда COVID-19 бойынша өлім-жітім көрсеткіші күрт төмендеді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2021 15:43 zakon.kz
25 ақпандағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясынан 3 адам көз жұмды. 13 наурыздан бастап КВИ-дан барлығы 2 721 адам қайтыс болды.

25 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясына шалдыққандар арасындағы өлім-жітім туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

25 ақпандағы жағдай бойынша 20 342 адам КВИ-ден ем-дом алып жатыр, (13 261: КВИ + және 7 081: КВИ-), оның 4 538-і стационарда, ал 15 804 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.

КВИ + және КВИ- науқастар арасында:
• ауыр жағдайдағылар - 240 науқас,
• жағдайы өте ауырлары - 53 науқас;
• жасанды тыныс алу аппаратына қосылғаны - 46 науқас.

25 ақпандағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясынан 3 адам көз жұмды. 13 наурыздан бастап КВИ-дан барлығы 2 721 адам қайтыс болды.

COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдығушылар туралы мәліметтер

2021 жылдың 23 ақпанындағы жағдай бойынша пневмонияның 74 жағдайы, 4 кісі өлімі тіркелді, ем алған 211 адам жазылды.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап тіркелген деректер:

Пневмонияға шалдыққандардың жалпы саны - 49 121, кісі өлімі - 619, емделіп жазылғандардың барлығы - 41 421 адам.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: