Нұр-Сұлтанда мемлекеттік сатып алу кезінде 1 млрд теңге жымқырылды
zakon.kz
Қала әкімдігінің тауар-материалдық құндылықтарды қымбатталған бағада сатып алғаны белгілі болды.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің мердігер ұйымдарымен бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.
Тергеу барысында қала әкімдігінің тауар-материалдық құндылықтарды қымбатталған бағада сатып алғаны белгілі болды.
Мемлекетке келтірілген залал мөлшері 1 млрд теңгеден астам соманы құрайды. Бұл қаражатқа 300 орындық балабақша немесе медициналық мекемелерге қажетті сапалық жабдықтар сатып алуға болатын еді.
Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 189-б. 4-б. 2-т.сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде (ірі мөлшердегі сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу).
ҚР ҚПК-нің 201-б. тәртібінде тергеу мүдделеріне сәйкес басқа деректердің жария етілуіне жол берілмейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript