Қазақстанда аудан әкімдерінің алғашқы сайлауы 2024 жылы өтеді

ehonews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2021 20:45 ehonews.kz
Сондай-ақ Президент қазір кенттердің, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға дайындалып жатқанымызды да айтты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлер әкімдерінің тікелей сайлауы еліміздің демократиялануына ықпал ететін елеулі жайт екенін атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

"Келесі маңызды қадам – аудан әкімдерінің тікелей сайлауы. Мен бұл сайлауды 2024 жылы өткізу керек деп санаймын. Осы бастама елімізді демократияландыруға және жергілікті басқару институтын нығайтуға елеулі үлес қосады деп сенемін. Түптеп келгенде, аудандарда сайлау өткізу халық билігін орнатудың айқын көрінісі болмақ. Сондықтан құзырлы мемлекеттік органдарға қажетті дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырамын", - деді Мемлекет басшысы 25 ақпанда өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында.

Сондай-ақ Президент қазір кенттердің, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға дайындалып жатқанымызды да айтты.

"Сайлау биыл шамамен тамыз-желтоқсан айлары арасында өтеді. Осы жылы 786 ауыл әкімінің өкілеттігі аяқталады. Яғни, 800 жуық елді-мекенді қамтитын жергілікті сайлау науқаны өтеді. Бұл еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі оқиға болмақ. Сайлау туралы заңнамаға енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар пысықталуда. Тиісті заң алдағы уақытта қабылданады. Содан кейін ғана кенттердің, ауылдар мен ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауына қажетті барлық нормативтік-құқықтық негіз толығымен қалыптасады деп айта аламыз. Бірақ, біз мұнымен шектеліп қалмаймыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: