Жаңалықтар тізбегі
0

Медициналық қызметтердің тарифтері қайта қаралады

total.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2021 15:36 total.kz
Мобильді бригадаларға және қашықтықтан консультацияларға тарифтер әзірленді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылға қарай медициналық қызметтерге тарифті қайта қарауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Медициналық қызметтерге арналған тарифтер 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыруды ескере отырып, қайта қаралады. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен 2020 жылғы қызмет қорытындылары мен 2021 жылға арналған міндеттер бойынша ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының өсуін ескере отырып, медициналық қызметтерге арналған тарифтер қайта қаралады, университеттік клиникалар үшін коэффициенттер, сондай-ақ өңірлермен ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс үшін ҰО мен ҒЗИ үшін коэффициенттер әзірленеді, - деді А.Цой.

Сондай-ақ, ол Сovid-19 жұқтырған науқастарды стационарда емдеуге және жазылып шыққандарға медициналық оңалту үшін жаңа тарифтер көзделгенін хабарлады. Бұл тарифтер төсек-күндерге есептегенде стационарларда емделу шығыстарын төлеу бойынша жинақталған деректерді ескере отырып, клиникалық-шығын топтар қағидаты бойынша әзірленді. Сонымен қатар, мобильді бригадаларға және қашықтықтан консультацияларға тарифтер әзірленді.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрі атап өткендей, 2021 жылы мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық, медициналық көмек көрсетуге ақы төлеу әдістерін, сондай-ақ онкологиялық бейіндегі емделіп шыққан жағдайларды төлеу әдістерін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасады.

Сонымен қатар, алғашқы медициналық-санитарлық көмекке тарифтерді белгілеу басталды. Пациенттердің жағдайының ауырлығын ескере отырып, кардиохирургия, миокард инфарктісі, инсульт, травматологиялық және инфекциялық аурулар бойынша тарифтерді пилоттық сынақтан өткізу жоспарлануда.

2021 жылы денсаулық сақтау субъектілерінің негізгі құралдарын жаңарту мақсатында біз жол картасын іске асыру және 2020-2022 жылдарға арналған ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерге тариф белгілеу әдістемесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырамыз, - деді А.Цой.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі жеке қорғаныс құралдарына арналған шығыстарды өтеу жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: