Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл 6 млн қазақстандыққа вакцина егіледі – Цой

Қарағанды фармацевтика кешені, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2021 17:38 Қарағанды фармацевтика кешені
Ол "Спутник V" вакцинасы рекордтық мерзімде сатып алынғанын еске салды.

2022 жылға дейін елімізде шамамен 6 млн қазақстандық коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияланады, деп хабарлады бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен 2020 жылдың қорытындысы мен 2021 жылғы жоспарға арналған ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

Қазақстанда жеке вакцина әзірлеушілер, сондай-ақ вакцина өндіруге арналған оқшауланған алаң бар – бұл вакцинамен қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдерді барынша азайту және республикамыздағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға айтарлықтай әсер етеді. Осылайша, 2021 жылы біз 6 млн астам адамды егуді жоспарлап отырмыз, - деді А.Цой.

Алқа отырысы барысында Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ресейлік "Спутник V" вакцинасы рекордтық мерзімде сатып алынғанын еске салды. Бүгінде ол Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілуде. Отандық тауарды жеткізу бекітілген кестеге сәйкес – биыл 24 ақпанда басталды. Сонымен қатар, биыл сәуір айында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген – отандық "QazCovid-in" вакцинасын қолдану жоспарланған.

Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық егуге арналған вакцинаны тасымалдалдағанда салқын жерде сақтау мәселелері бойынша стандартты операциялық рәсімдерді әзірледі және бекітті. 2 мыңнан астам медицина қызметкерлері КВИ-ге қарсы вакцинация тактикасы, вакцинацияның қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету бойынша оқытылды.

Е-gov mobile "Вакцинация" және "Цифрлық құжаттар" қызметіндегі вакцинация паспорты арқылы егілгендердің есебін жүргізу және иммундық жағдайды бақылау жоспарлануда. Бұл вакцинация көлемін және аурудың болжамын жоспарлауға көмектеседі. Вакцинацияның қолда бар нәтижелерін ескере отырып, осы жылдың екінші жартыжылдығына дейін эпидемиологиялық жағдайға болжам жасалды.

Министр оптимистік және шынайы болжамға сәйкес жаппай маска режимі, сондай-ақ әлеуметтік арақашықтық сақтау нәтижесінде елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталады және қатаң карантиндік шектеуге вакцинация ғана балама болатынын атап өтті.

Бүкіл әлем вакцинация ғана қалыпты өмірге карантинсіз оралуға мүмкіндік беретінін түсінді. Осыған байланысты өңірлер иммунопрофилактика бойынша халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет, - деді А.Цой.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылғы 1 ақпанда басталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: