Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақтар қазыдан суши жасай бастады

kare18.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2021 22:21 kare18.ru
Өзінің авторлық қоспаларын ойлап тапқан.

Айына 500 мың теңге табатын 18 жастағы аспаз бен ауылда отырып миллион табатын супер келін! Екеуі де әлемнің тіл үйірер дәмді тағамдарын меңгерген отандастарымыз! Армандары да бір - Еуропаның "Мишлен" жұлдызын иемдену. Сондай-ақ, небәрі 16 жасында мейрамхана ашып, бас-аспаз атанған америкалық жаспөрімді де көрсетеміз.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұл қазақтың "Рататуй" атанған ең жас аспазы. Есімі – Рамазан. Түркістан қаласының тумасы. 12 жасынан бастап асханаға қызығушылығы оянып, анасымен бірге тәтті тағамдар дайындай бастаған. Үйінің сүткенжесі оқуға түсе алмаса да, болашақта әлемге әйгілі аспаз болатынына сенімді. Арманы – француздық "Мишлен" жұлдызын иемдену.

Рамазан Ахмет, аспаз:

Бірінші жасаған тамағым курица мен жұмыртқа болды. 15 жасымда 240 мың айлыққа аспаз болып жұмыс жасадым. Көптеген кухняны үйрендім. Арабский, кавказский, грузинский, воточный ды жасап, қазақшамен қосып 17 жасымда үлкен ресторанның шеф-поворы болдым.

Рамазан түрлі елдің асханасын толықтай меңгерген. Қазір өзі шәкірт тәрбиелеуде. Ең үлкені 40 жаста. Қазақтың Рататуйі мыңнан аса дәмді тамақтың түрін еншілеген. Тіпті, өзінің авторлық қоспаларын ойлап тапқан. Солардың бірі....

Рамазан Ахмет, аспаз:

Үш жылдың ішінде 600-ден астам тамақтың түрлерін үйрендім, қалғанын барлығы фантазиясына байланысты, сол үшін мені "Рататуй" деп атап кетті. Ешкім жеп көрмеген жапондық кухняны сушиға қазы жасап шығардым, семгамен манты жасадым. Оның ішінде семга болады. Тестасын икрамен жасадым, ал ішіндегі начинкасын семгамен жасадым, қойдың майымен қостым.

Ал Флинн есімді жігіт – әлемдегі ең жас шеф-повор! Ол небәрі 10 жасында жүздеген тамақты үйренсе, 16 жасында Нью-Йорктың қақ ортасынан жеке мейрамханасын ашыпты. Қазір Флин қолынан әзірлеген астың дәмін тату үшін белгілі жұлдыздар арнайы АҚШ-қа келеді.

Флинн Макгарри. Ең жас шеф-аспаз:

Мен мейрамхананы жақсы көремін. Тіпті менің үйім сияқты. Өзімде дәл осы жерде жайлы сезінемін. Рахаттанамын.

Ал Гүлбану Әділбекқызы ауылдың "супер келіні". Оң қолынан бал тамған аспаз 14 жасында шеф-повордың көмекшісі болған. Бірнеше жыл қатарынан, шетелдің ең танымал астарын үйреніп, қазір ауыл келіндеріне дастарханды безендіруді үйретуде!

Гүлбану Әділбекқызы, аспаз:

Жалпы карантин бәрімізге қиын болды ғой. Отбасымызды қалай асыраймыз дегендей. Мен 15 жыл қатарынан асханада жүрмін. Супер келін болуға талпынбадым. Бірақ бәрі өздері солай атап кетті. Үйдегі балаларды да тәрбилеп, ауылдағы туған-туыстардың дастарханын безендіріп, бизнесті бірге ұстау оңай емес. Бірақ келін болған соң, бәрін үлгеруге тиіссің!

Карантинде қол құсырып отырмай, шәкірттерімен онлайн байланысқа шығып, білгенімен бөліскен. Қазір шамамен 20 жуық шәкірті бар. Айына миллион теңге табыс табамын, дейді.

Қазалылық аспаздың сөзінше, клиенттер көбіне Еуропа елдері мен Жапонияның тағамдарына тапсырыс беруге тырысады екен. Қазір қызыл балық, суши, түрлі шөп-шалаңнан дайындалған салат түрлеріне сұраныс көп, дейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: