Жаңалықтар тізбегі
0

Франция экс-президенті Николя Саркози 3 жылға сотталды

Getty Images, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2021 15:38 Getty Images
Қазақстанда демократия орнатуға әлі асықпау керек.

Францияның бұрынғы президенті жемқорлық және ықпалын саудалау айыбымен үш жылға сотталды. Оның кемі бір жылын саясаткер түрмеде өткізеді. Оған қоса екі жыл шартты жазаға кесілді.
Сот Сарказиді кассациялық сот қызметкерін парамен сатып алу айыбы бойынша кінәлі деп тапты. Президент сот қызметкерінен өзіне қатысты тергеу бойынша ақпарат алуға тырысты деп айыпталды. Тергеу Саркозидің президенттік науқанына заңсыз қаржы тарту ісі бойынша қозғалған, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Істе Саркозиден бөлек екі айыпталушы бар. Олар – экс-президенттің досы әрі адвокаты Тьерри Эрцог пен кассациялық соттың бұрынғы прокуроры Жильбер Азибер. Үшеуіне де айып 2014 жылы тағылған. Сот процесі былтыр қарашада басталған.

Францияның заманауи тарихында алғаш рет бұрынғы президент сотқа тартылып, айыпты танылып отыр.

Саркозиге қарсы тағы бір қылмыстық іс қозғалып отыр. Бұрынғы президенттен Ливияның бұрынғы президенті Муаммар Каддафиден заңсыз ақша алды деп күдіктеніп отыр.

Сонымен қатар Францияның қаржы жөніндегі ұлттық прокуратурасы ресейлік сақтандыру компаниясымен жасасқан келісім жөнінде Саркозиге қатысты алдын ала тергеу жүргізіп отыр. 3 миллион долларлық келісім "Ресо-Гарантия" сақтандыру компаниясымен Саркози президенттігі кезінде жасалған. Іс "ықпалды саудалау" және қаржы ізін жасыру күдігі бойынша тергеліп отыр.

Саркозидің Франция мен Қазақстан арасындағы "тікұшақ қазақгейті" дейтін дауға да қатысы бар саналады.

Николя Саркози 66 жаста. Ол Франция президенті қызметін 2007-2012 жылдары атқарған.

Францияның экс-президент Николя Саркози жемқорлық қылмыстары бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға сотталды, оның екі жылы шартты түрде, деп жазды желіде саясаттанушы Досым Сәтпаев.

Сарапшы осы жаңалыққа байланысты мынадай пікірін білдірді:

Мұндай жаңалықтарды оқығанда Ақорда мен Кітапханадағылардың төбе шашы тік тұратын шығар. Олардың Қазақстанда демократия орнатуда асығыстық керек емес дегенді жиі айтатыны да содан болар. Өйткені ондай жүйеде "неприкасаемый" адамдар жоқ. Айтпақшы, Саркози Франция президенті боп тұрған кезінде Қазақстандағы француздардың бизнесінің мүддесіне лобби жасап, еуропалық өзге мемлекеттердің басшыларына қарағанда Қазақстан басшылығымен жиі кездесетінімен көзге түскен еді, дейді Досым Сәтпаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: