Жаңалықтар тізбегі
0

Қапшағайда түбек сатылуда. Ертең мемлекетте, халықта не қалады?

krisha.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2021 22:38 krisha.kz
​​Жердің құны қанша?

Krisha.kz порталында Қапшағай қаласындағы түбектің 5 га бір бөлігін сату туралы хабарландыру шықты. Мұндай учаскенің бағасы 340 миллион теңгені құрайды. Хабарламасында жер участкісі жағажай демалысы базасын одан әрі дамытуға арналған жеке түбек екені жазылған, деп хабарлайды zakon.kz "Арамза билік" telegram-каналына сілтеме жасап.

Біз білетіндей Қазақстан жерлерін шетелдерге сатуға тыйым салынған. Енді мемлекет тарапынан бұл жерлерді жеке кәсіпкерге сатуға шешім қабылданған болар. Әрине, жай жатқаннан ол жерді көркейтіп, еліміздегі туризм саласын дамытқан дұрыс.

Бірақ жеке кәсіпкерлерге сатқан дұрыс па? Олар біріншіден оны қыруар ақшаға сатып алып, сол жерге өз жұмыстарын жүргізіп, қызыл соммаға демалыс орнын салады. Кейін әрине, сол ақшаны ақтау үшін бағалары ұшып, қарапайым халықтың қалтасы көтермейді.

Неге сол жерлерді мемлекет өзі игеріп, әр адамның қолы жететіндей демалыс орындарын салмасқа? Иә жеріміз кең, табиғатымыз бай, бұндай жерлеріміз әлі бірталай. Соған қарамастан оңға солға таратқаннан кейін мемлекетте, халықта не қалады, деген сауал тастайды каналдың авторы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: