Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда көктемгі аң аулау кезеңі ашылды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2021 21:30 Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
Экология министрлігі аң аулау ережелерінің талаптарын бұзудағы жауапкершілік туралы айтты.

1 наурыз бен 15 мамыр аралығында Қазақстанда көктемгі аң аулау кезеңі ашық болады. Бұл ретте көктемде тиісті аңшылық шаруашылығы субъектісінің қорықшысының міндетті қатысуымен қоңыр аюды, үйректі, қара торғайды және тізімге сәкес басқа да жануарларды аулауға рұқсат етіледі, деп хабарлайды zakon.kz Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген аң аулау қағидаларының 19-тармағы негізінде аң аулау маусымының басталуы туралы бұйрық шығарады.

Көктемгі аң аулау ережелеріне сәйкес, үйректерді аулауға тек аңшыда еліктіретін үйрек немесе толтырылған жануар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Ал әуесқойлық (спорттық) аң аулауға бекітілген аңшылық алқаптарда ғана рұқсат етіледі. Сондай-ақ, бұл бекітілген аңшылық алқаптарға бару құқығына жолдаманың болуын талап етеді.

Егер жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау қағидалары бұзылған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабына сәйкес жеке тұлғаларға 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салу не әкімшілік құқық бұзушылық заттары мен құралдары тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге аң аулау құқығынан айыру түріндегі ең жоғарғы жаза көзделген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: