Жаңалықтар тізбегі
0

Мамин Chevron басшылығымен кездесті

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2021 22:15 primeminister.kz
Кездесуге энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев қатысты.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Chevron компаниясының Еуразия-Тынық мұхиты өңіріндегі барлау және өндіру жөніндегі президенті Найджел Хирнмен мұнай өндіру саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Chevron — Теңіз (50%), Қарашығанақ (18%) және Каспий құбыр консорциумы (15%) – үш ірі жобада активтері бар Қазақстандағы ірі шетелдік инвестор.

"2020 жылы ТШО шикі мұнай өндіру көлемі 26,5 млн тоннаны құрады. Мемлекетке тікелей қаржылық төлемдер $6,6 млрд құрады, $3,5 млрд астам сомаға қазақстандық жеткізушілердің тауарлары мен қызметтері сатып алынды. ТШО газы Атырау облысында полипропилен (қуаты жылына 500 мың тонна) және полиэтилен (жылына 1,25 млн тонна) өндірісі бойынша екі ірі газ-химия жобасы үшін шикізат болып табылады. Тараптар "Теңізшевройл" (ТШО) болашақ кеңейту жобасын іске асыру мәселесін талқылады, оның аяқталуы бойынша ТШО өндіруді 2023 жылы жылына 12 млн тоннаға дейін арттырады, бұл жиынтығында жылына шамамен 39 млн тоннаны құрайды", делінген Үкімет басшысы сайтындағы хабарламада.

Кездесуге энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев қатысты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: