Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорған әкімі орынбасарының коттеджі 53 млн теңгеге сатылуда

orda.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2021 14:59 orda.kz
Сауда-саттық 10 наурызда басталады.

Пара алғаны үшін сотталып кеткен Талдықорған қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Әсет Шаяхметовтен тәркіленген коттедж аукционға қойылды, деп хабарлайды zakon.kz orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Ғимарат Талдықорған қаласының Біржан сал көшесінде орналасқан. Қазір оны Тіл орталығы жалға алып отыр.

Коттедж сотталған экс-әкім орынбасары фигурант болған қылмыстық іс бойынша тәркіленген. Жоғары лауазымды шенеунік қаладағы құрылыс компанияларынан 80 миллион теңге пара алды деп айыпталған еді.

2018 жылдың 6 қарашасында Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шаяхметовке пара алғаны және қылмыстық ақшаны заңдастырғаны үшін 12 жылға қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеу туралы үкім шығарды. Содан кейін үкім жеңілдетіліп, 11 жылға қысқартылған.

Шенеуніктің қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленді: жер телімі бар үйдің үлесі, 2008 жылғы Toyota Land Cruiser 200, 2006 және 2013 жылғы Toyota Camry көліктері.

Енді әлгі үй ашық аукцион арқылы бағаны төмендету әдісімен 53 миллион теңгеге сатылмақ.

Сауда-саттық 10 наурызда басталады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: