Пара бермесең. Комиссия сау деп тауып, мүгедекті жәрдемақыдан айырады
Алматы облысының бір топ тұрғыны әлеуметтік статустарынан айырылғандарын айтып шағымданды. Араларында 10 жылдан бері 2-ші топ мүгедегі саналып келген азамат та бар. Өткен жылы оны "ауыруынан құлан таза айығып кетті" деп, сау адамдар қатарына қосыпты. Бір жылдың ішінде 1500 кембағал жанды арнайы комиссия "сау" деп тапқан. Алайда мүмкіндігі шектеулі жандар жұмысқа тұра алмауда. Медициналық сақтандыру болмағандықтан дәрігерлерге де қарала аламаймыз дейді. Ал бұған қатысты құзырлы органдардың өз уәжі бар, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Қарабұлақ ауылының тұрғыны Василий Груздов екі ұлынан қатар айрылғаннан кейін екі рет инсульт, бір рет инфаркт алып, оң қол мен оң аяғы істемей қалыпты. Осыдан кейін оны еңбекке жарамсыз деп тауып, 2-ші топтың мүгедегі деген анықтама берген. Ем-домының нәтижесінде өздігінен жүре алатын халге жеткен. Әлеуметтік медициналық сараптамаға өткен жылы барғанда еңбекке жарамдысың депті. Осыдан кейін мүгедектігі үшін берілетін жәрдемақысы да тоқтаған.
Василий Груздов, Қарабұлақ ауылының тұрғыны:
Зейнеткерлікке шыққанға екі жыл қалған. 2020 жылдың 22 қазанында Талғар аудандық әлеуметтік медициналық сараптама бөліміне келдім Олар маған ауруынан жазылды деген қорытынды жазып берді. Кіргенім сол еді, 5 минуттың ішінде осындай шешім шығарды.
Мына видеодағы келіншек өзінің мүгедек екенін дәлелдеуге келгенде талмасы ұстап құлаған. Абырой болғанда дәрігерлер дер кезінде көмекке келіп, ауруханаға жатқызған. Осы сияқты Талғар ауданында 80-ге жуық адамға қатысты ауруынан құлан таза айығып кетті деген шешім қабылданған. Оған мүгедек жандар мен олардың туыстары наразы. Себебі, олардың медициналық сақтындыруы жоқ деп дәрігерлер де қараудан бас тартыпты. Тіпті, алма ауруына шалдыққандар да мүгедектер тізімінен сызылып тасталған.
Светлана Гаренская, Талғар ауданының тұрғыны:
Талмамен ауыратын қызымды мүгедек емес деп тапты. Маған оны бағып- қағып, өзім де өмір сүруім керек. Қалай күн көреміз. Эпилептологқа қаралудамыз. Оның анықтамасында қол-аяғы қалшылдап, талмасы ұстайды деп жазылған. Біз 15 ақпанда жаңа құжаттарымызбен келдік,. Өйткені бір түнде талмасы 28 рет қайталанып, 4 рет тырысуын қайтардық. Бізге осында саусыңдар деген қортынды шығарды.
Республика бойынша кезекті медициналық әлеуметтік куаландыру өткізілгенде мүмкіндігі шектеулі жандардың 10 пайыз мүгедек деп танылмайды екен. Ауру тарихынан бастап осы уақытқа дейін қабылдаған ем-дом, ілгерілеушіліктер барлығы жан-жақты сараланып, алқалы түрде шешім қабылданатын көрінеді.. Мәселен, Алматы облысында 67 мың кембағал жан болса, медициналық әлеуметтік комиссия жыл сайын соның 1500-ден астамына мүгедек емес деген қортынды шығарады.
Мадина Тәңірбергенова, Алматы облыстық Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары:
Бүгінгі таңда сол салдануының, мысалы, салдану болсын, басқа қырлары болсын жеңіл дәрежеге дейін жетсе, ол мүгедек деп танылмайды. Дені сау деп біз қортынды шығармаймыз. Иә сол жылы болған инсульттың салдары, бірақ бүгінгі таңда жеңіл түрде асқынулар деп диагнозы қойылады. Бірақ мүгедек деп танылмайды.
Мұндай қорытындымен келіспеген 500-ден астам адам қайта куаландыруға келгенімен, шешім өзгеріссіз қалдырылған. Бір мезетте жәрдемақыдан да, бар жеңілдіктен де қағылып, жұмысқа да тұра алмаған жандарға енді өзінің кемтар екенін сот арқылы дәлелдеуден басқа амал жоқ.