Қазақстанда әскери бөлімдер дабыл белгісімен аяғынан тік тұрғызылды

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2021 20:59 ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Белгіленген орынға келіп жеткен бөлімшелер келгеннен өздеріне жүктелген міндетке сай әскери-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға көшуі керек.

Мемлекет басшысы - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы тапсырмасымен Қорғаныс министрлігі әскерді дабыл белгісімен, тосыннан аяғынан тік тұрғызды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Оңтүстік" аймақтық қолбасшылығының әскери бөлімдері мен десанттық-шабуылдау күштері кеше кешкісін оқу-жаттығу белгісін алып, дайындық жағдайына келтірілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2021 20:59

Шымкент пен Сарыөзектегі бөлімшелер бірнеше жүз шақырымдық қашықтықта Жамбыл облысындағы "Матыбұлақ" полигонына лақтырылады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2021 20:59

Әскерлердің орналасуы аралас тәсілмен жүзеге асырылады: жауынгерлік машиналар, авиация, ауыр бронды техника теміржол және автомобиль жолдары арқылы тасымалданады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2021 20:59

Белгіленген орынға келіп жеткен бөлімшелер өздеріне жүктелген міндетке сай әскери-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға көшуі керек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: