Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк инфляция өсімін тежеуге не көмектескенін айтты

baiginews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2021 21:42 baiginews.kz
Баймағамбетовтың айтуынша, инфляциялық болжамдар әлі де жоғары деңгейде сақталып отыр.

2020 жылдың соңында инфляция 7,5% деңгейінде болды, бұл Ұлттық банктің -7,3-7,5% деген болжамымен сәйкес келеді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"2020 жылдың қорытындысы бойынша, инфляция 7,5% деңгейінде қалыптасты, бұл біз болжаған 7,3–7,5% көлеміндегі көрсеткішке сай келіп тұр. Алдын ала күткеніміздей, инфляцияның қалыптасуына көбіне азық-түлік тауарларының қымбаттағаны әсер етті. Дегенмен, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы мен ақылы қызметтердің құны жалпы инфляцияның қарқынын төмендетті", - деді ол.

2020 жылы азық-түліктің күрт қымбаттауы пандемияның салдары ретінде бүкіл әлемде байқалған тенденция болды.

Біріншіден, жекелеген тауарларға деген сұраныс артты (мысалы, жеміс пен көкөніс, ет, нан мен тоқаш, дәнді дақылдан жасалатын тағамдар, сүт өнімдері).

Екіншіден, карантин мен қашықтан жұмыс істеу режиміне ауысқан соң, шикізат пен өнім жеткізу жүйесі үзіліп, кейбір тауарлар мен қызметтерді ұсыну деңгейі төмендеп кетті.

Сонымен қатар, азық-түлік тауарларына бағаның өсуі тұтынудың шектеулі сұранысы аясында инфляцияның азық-түлікке жатпайтын және қызмет компоненттерінің анағұрлым тұрақты динамикасымен, сондай-ақ карантин мен сауда орындарының жұмысы шектелгенімен өтелді.

"Коронадағдарыс кезіндегі инфляцияның жылдамдығын тоқтатуға Үкіметтің қолға алған шаралары көмектесті. Олардың арасында әлеуметтік маңызы бар бірқатар тауар түріне шекті баға орнату, осы топтағы тауарларға салынатын ҚҚС-ті төмендету сияқты өзге де шаралар болды", -деді ол.

2021 жылдың басында өткен жылдың негізгі тенденциялары сақталып отыр. 2021 жылдың ақпанында инфляция 4–6% көлеміндегі мақсатты деңгейінен асуын жалғастыра отырып, 7,4% деңгейінде болды. Азық-түлік бағасының өсуі (2021 жылы ақпанда 11,6%-ға) Қазақстандағы инфляциялық процестердің қалыптасуына көптеп үлес қосуын жалғастырып келеді. Солай бола тұра, инфляцияның азық-түлікке жатпайтын тауары мен сервистік құрамдас бөліктері 5,2% және 3,9% деңгейінде тоқтап қалды. Бұл еліміздің кейбір өңірлеріндегі карантин мен шектеулердің салдарынан әлі де төмен деңгейдегі тұтыну сұранысымен байланысты болып отыр.

Баймағамбетовтың айтуынша, инфляциялық болжамдар әлі де жоғары деңгейде сақталып отыр.

2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында бір жыл алға арналған инфляцияның сандық бағалауы өзгермей, 6,7% деңгейінде қалды.

Инфляцияға келетін болсақ, базалық сценарий бойынша нақты траекторияның нәтижесі мен азық-түліктің кейбір түрлерінің қымбат бағасы сақталған кезде, инфляцияның қысқа мерзімді болжамдары артты. Соған қарамастан, теңгерімсіздік болмаған кезде инфляция төмендейді және 2021 жылдың аяғында 4–6% дәлізінің жоғарғы шекарасында болады, 2022 жылы баяулай бастайды.

"Азық-түлік тауарларының қымбаттауы біртіндеп бәсеңдейді деген болжам бар, бұл жекелеген азық-түлік нарығындағы жағдайдың тұрақтануына (май, қант, жұмыртқа, жемістер мен көкөністер) және азық-түлік тауарлары бағасының жоғары мәнін есептеуден кетумен байланысты болады. Сондай-ақ, 2021 жылдың екінші жартысынан бастап, 2021-2022 жылдардың егіні орылған соң, әлемдік азық-түлік бағалары біртіндеп арзандайды деген болжам бар", - дейді ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: