Жаңалықтар тізбегі
0

ШОБ тарапынан несиелендіруге деген сұраныс артты - Ұлттық банк

ҚР Ұлттық банкі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2020 21:32 ҚР Ұлттық банкі
Дегенмен мейрамхана мен қонақ үй бизнесі кредиттерін өтеуде әлі де болса қиындықтарға кезігіп отыр.

2020 жылдың III тоқсанында кредиттеу бойынша банктер арасында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы туралы мәліметпен ҚР ҰБ Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаменті директорының орынбасары Олжас Күбенбаев бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Сауалнаманың қорытындысына сүйене отырып, кәсіпкерлік субъектілері тарапынан кредиттеуге қатысты сұраныстың артқанын байқауға болады. 2020 жылдың ІІІ тоқсанында бизнес тарапынан түскен сұраныстың таза пайыздық өзгерісі (ТПӨ) 34%. Карантиндік шаралар жеңілдетілген уақытта экономиканың зардап шеккен салаларына жатқызылған бизнестің бір бөлігі аяққа тұрып, кредит бойынша төлемдерін де жандандыра бастады. Дегенмен мейрамхана мен қонақ үй бизнесі кредиттерін өтеуде әлі де болса қиындықтарға кезігіп отыр.

Банктердің дерегі бойынша, кредиттеуге қатысты биылғы ІІІ тоқсанда байқалған жоғарғы талап ШОБ тарапынан кейінге қалдырылған сұраныс пен мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың есебінен пайда болды. Шағын және орта кәсіпкерлікті кредиттеудің ТПӨ көрсеткіші сәйкесінше 41% және 38% құрады.

Сонымен қатар, жекелеген банктерде өнім желісінің кеңеюі шағын кәсіпкерлік субъектілерінен келіп түсетін өтініштер санын 10 есе өсіргенімен, несиенің орташа мөлшерін төмендетті. Яғни, кредиттеуге қатысты сұраныс оның мөлшерінен гөрі санын өсіргенін байқауға болады.

- Бірқатар банкте қарыз алушының қаржылық жағдайы мен кепілмен қамтамасыз ету жағынан қойылатын талаптар артты. Банктер ол талаптарды күшейтудің негізгі факторы - экономиканың жекелеген салаларында тәуекел бейінінің нашарлауы деп түсіндіреді. Респонденттердің пікірінше, келесі тоқсанда орта және ірі бизнес тарапынан кредиттеуге қатысты сұраныс өзгере қоймайды. Дегенмен жекелеген банктер жаңа банк өнімдерін іске қосатын болса, ол шағын бизнес тарапынан түсетін сұранысқа оң әсер етуі мүмкін, - дейді ол.

2020 жылдың ІІІ тоқсанында жеке тұлғаларды кредиттеуге қатысты сұраныста да барлық сегментте өсім бар. Еңбек қызметінің жандануына байланысты көптеген салаларда ипотекалық және тұтынушылық кредиттеу де едәуір артты. Банктердің дерегіне сүйенсек, ипотекалық кредиттеуге деген сұраныстың екі тоқсан бойы ұлғаюына - жылжымайтын мүлік нарығының даму келешегі мен мемлекеттік бағдарламалар аясында берілетін қарыздардың қолжетімді бола бастағаны әсер етіп отыр.

- Осылайша, өткен тоқсанмен салыстырғанда, ипотека бойынша келіп түскен өтініш саны 85% өсті. Кепілсіз кредиттеу сегментінде де өтінімдер саны 52% артты. Жеңілдетілген автокредиттеу бағдарламасы бойынша қаражатты игеру аясында автокредиттерге сұраныс ұлғайып, түскен өтініштер саны 109% өсті де, несиелердің орташа мөлшері аздап төмендеді. Жоғарыда айтылған факторлардан басқа, банк өкілдері клиенттердің несиеге деген қызығушылығының артуын карантиндік шаралар кезеңінде кейінге қалдырылған сұраныстың жүзеге асырылуымен, сондай-ақ маркетингтік акция мен науқандардың өткізілуімен түсіндіреді, - дейді Олжас Күбенбаев.

Осы жылдың IV тоқсанында банктер жеке кредиттеудің барлық сегментінде сұраныс өсетінін болжап отыр. Ол кезде банктердің тұтынушылық қарыз беруге дайындығы да біршама ұлғая түседі. Тұтынушылық кредиттеу бойынша талаптар кредиттік лимит пен клиенттің төлем қабілетіне қойылатын талаптар бөлігінде жеңілдей береді.

2020 жылдың III тоқсанында кредиттеу жөнінде банктер арасында жүргізілген сауалнамаға екінші деңгейдегі 24 банк қатысты. Олардың ішінде 10 банкпен қосымша сұхбат жүргізілді. Мұндай сауалнаманы Ұлттық Банк кредиттік ресурстарға сұраныс пен ұсыныс арқылы түскен өзгерістерді бағалау үшін тоқсан сайын жүргізіп отырады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: