Жаңалықтар тізбегі
0

АН-26 ұшағынан 1500-ге жуық адам қаза тапқан

strategy2050.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2021 16:41 strategy2050.kz
Бұл ұшақты "Улы үйрек" дейді екен.

Алматы іргесіне құлаған АН-26 ұшағының қатысуымен 170-ке жуық әуе апаты тіркелген. Бұл әлемдік статистика. Нәтижесінде 1500-ге тарта адам қаза тапқан. Ашық ақпарат көздеріндегі деректер осылай дейді. Жүк тасымалдауға арналған әскери әуе көлігі жайлы тағы не белгілі?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"Улы үйрек". Күні кеше Алматы іргесіне құлаған АН-26 ұшағы осындай лақап атқа ие көрінеді. Әуе кемесінің бүгінге дейінгі сәтсіз сапарларын санасақ, саусақ жетпейді. Кеңес дәуірінде шығарылған 1398 дана ұшақтың 170-ке жуығы түрлі себептермен жерге аман қона алмаған. Нәтижесінде 1500-ге тарта адамның өмірі қиылды.

Ұшақ көбіне жүк тиеуге, оны түсіруге ыңғайлы болғанымен, жолаушылар тасымалына аса жарай бермейді, - дейді мамандар. Мұндай көліктер көбіне Әуе қорғаныс күштері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде қолданылады.

Еліміздегі ардагер ұшқыштар бізде АН-26 секілді кеңес заманынан қалған ұшақтардың көп екенін айтады. Темір болған соң тозбай тұрмайды. "Сапалары сын көтермегендіктен құлап жатыр", - деген пайымда.

Арат Нарманбетов, ҚР ҰҚК отставкадағы полковнигі:

50-60-шы жылдан бері әуеде ұшып жүрген әуе кемелері. Күрделі жөндеу жүргізіп тұру қажет. Ағымдағы жөндеу жұмыстарын да ескеру керек. Олар жасалса жақсы, бізде жемқорлық та бар ғой. Кейде сапалы жасалмайтын кездер болады. Техникалар ескірген. Ұшақтың техникалық ахуалы да ескерілуі керек. Соңғы рет қашан жөнделгені.

"Ал шынына келгенде, әскери ұшақтар азаматтық әуе кемелеріне қарағанда кез келген жағдайға сақадай сай болуы керек" дейді мамандар. Сондықтан олардың жарамдылығы әрдайым жіті бақылауда болуы тиіс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: