Қазақстанның мемлекеттік қарызын қамсыздандыруға 900 млрд теңге жұмсалады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2021 20:52 zakon.kz
Бүгінгі күні мемлекеттік қарыз деңгейі ЖІӨ-нің шамамен 30% құрайды.

Еліміздің мемлекеттік қарызы жалпы ішкі өнімге шаққанда қандай деңгейде екенін ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев ОКҚ брифингінде айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Мемлекеттік қарызға қатысты мәселе біздің ерекше бақылауымызда. Бүгінгі күні мемлекеттік қарыз деңгейі ЖІӨ-нің шамамен 30% құрайды, - деді Ирғалиев.

Ол ірі "үштік" рейтингтік агенттіктер біздің елдің фискалдық саясатының тұрақты деп бағалағанын, сонымен қатар басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанның мемлекеттік қарызының төмен деңгейде екенін атап өтті.

Егер біз басқа елдермен, Еуропалық Одақпен салыстыратын болсақ, онда олардың қарызының деңгейі шамамен 80% құрайды, ЭЫДҰ елдерінде орта есеппен - 100%, - деді министр мысалдар келтіре отырып,

Сонымен қатар, министр мемлекеттік қарызды қамсыздандыруға кететін соманы жария етті.

Қызметіне шамамен 900 миллиард теңге кетеді, - деді Иргалиев.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: