ШҚО трассаларында ауыр жүк көліктеріне шектеу қойылады

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2021 16:18 inform.kz
Бұл көктемгі су тасқыны мен трассалардың көтеру қабілетінің төмендеуіне байланысты.

ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысына қатысушыларды ағымдағы жылғы 23 наурыздан 01 мамыр аралығында облыстың республикалық маңызы бар жолдарында жеке білікке 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк автокөлігінің қозғалысы үшін уақытша шектеу енгізілетіні туралы хабардар етеді.

ШҚО жолдарында "ҚазАвтоЖол" ЖШС филиалы тиісті тыйым салу белгілерін орнатады.

Бұл шектеулер жыл сайын көктемгі су тасқынынан өту кезеңінде және трассалардың конструктивтік элементтерінің көтеру қабілетінің төмендеуімен байланысты болады.

Шектеулер төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға қатысатын, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін, тамақ өнімдерін тасымалдайтын, жолаушылар мен багажды тасымалдайтын, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді тасымалдайтын халықаралық келісімдерге сәйкес жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарына қолданылмайды.

Ауыр жүк таситын жүргізушілер енгізілген шектеулерді ескере отырып, маршруттарды құру кезінде мұқият болу керек.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: