Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Элимановты қабылдады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2021 21:49 Ақорда
Президент бірқатар нақты тапсырма берді.

Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдарды күшейту жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берілді.

Жанат Элимановтың айтуынша, жыл басынан бері сегіз ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілген, оның екеуі трансұлттық топ. Сондай-ақ ол бюджет қаржысын жымқыру деректері бойынша 14 миллиард теңге көлемінде шығын келтірген 125 қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

Президентке Агенттіктің қаржы пирамидаларының жолын кесу бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндалды. Ведомство басшысының айтуынша, бүгінгі таңда күмәнді іс-әрекеттер бойынша 21 материал құқық қорғау органдарына жолданған.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысына кәсіпкерлердің қылмыстық қудалауға түсуіне жол бермеу үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді. Жанат Элиманов 2020 жылдың қорытындысы бойынша тіркелген экономикалық қылмыстардың саны өткен жылдармен салыстырғанда алты есеге азайғанын айтты. Қылмыстық істерді тексеру бойынша кәсіпкерлерді тергеуге шақырулардың саны екі есеге, ал тергеп-тексеру мерзімі 40 пайызға қысқарған.

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесін адал жүргізіп отырған кәсіпкерлердің қылмыстық қудалауға түсуіне жол бермеу жөнінде жүйелі шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.

Кездесу соңында Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: