Жаңалықтар тізбегі
0

8 жылдан бері баспана ала алмаған қарағандылықты әйелі тастап кетті

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2021 17:16 Pixabay
Пәтерден-пәтер жағалап кеткен соң, әйелім балаларды алып кетіп қалды.

Әкімдіктің қолынан қорқыту ғана келеді. Сегіз жылдан бері баспанасын сарыла күткен қарағандылықтар үйдің құрылысын бақылаудың орнына, оларға қоқан-лоқы көрсете бастаған шенділерге ашулы. Жалдамалы пәтерді паналаймын деп, шыдамы таусылғандар, отбасы ойран болғандар да бар екен, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Сақалды құрылысқа айналған үйдің қазіргі сиқы осы. Ісіне салғырт қараған мердігердің кесірінен жүздеген салымшы бөтен біреудің босағасын жағалап, жалдамалы пәтерді паналауға мәжбүр. Қиындықтардан кейбірінің шыдамы таусылып, шаңырағы да шайқалып жатыр, дейді жұрт.

Максим, қала тұрғыны:

Бір кепілдік бола ма деп үміттеніп едік. Енді мемлекеттік бағдарлама, басы-қасында әкімдіктің өзі жүреді деген соң. Алайда, үйімізге 5 жылдан бері қол жеткізе алмай жүрмін. Пәтерден-пәтер жағалап кеткен соң, әйелім балаларды алып кетіп қалды. Қазір ажырастық. Өмірімдегі ең қымбат жандарымнан айырылып қалдым.

Иә, мемлекеттік бағдарлама болған соң, көптің көкейінде күдіктен гөрі, үміттің басым болғаны рас. Алайда, соңғы уақыта атқамінерлер уәдені қойып, қоқан-лоқы көрсетуге көшті, дейді салымшылар. Құрылыс қарқынын үдетудің орнына, әкімдіктегілер бізді үркітіп әлек деп ашулы.

Владислав, қала тұрғыны:

Мәселемізді жалпақ-жұртқа жариялай бастап едік, әкімдік өкілдерінен қоңыраулар түсе бастады. Үндемеңдер деп қысым көрсетіп, құрылыс алаңына мүлдем келмеңдер деп қорқытты. Мемлекеттік бағдарламаға кір келмесін деді ме, әйтеуір үркітуден басқа түк бітіріп жатқан жоқ.


Алайда, баспана құрылысының кей бөліктері аяқталып, салымшылар асыға күткен үйлеріне жайғасқан. Дегенмен, оның өзі сын көтермейді екен. Құбырлары жарылып, жертөлені су басып жатыр. Жеделсаты да істен шыға беретін көрінеді.

Айнұр Наркеева, қала тұрғыны:

Біз мұнда ақпан айында болғанбыз. Сол кезде құбырлар жарылып, жертөлені су басқан еді. Құрылыс компаниясы сапалы материалдарға қаражатты аяп жатқан тәрізді. Біз әлі үйімізді күтіп отырмыз. Бірақ бұған дейін пәтеріне кіргендер, жеделсаты үнемі істен шығады деп шағымданып отыр. Сонда мен 19-шы қабаттағы пәтеріме ертең қалай көтерілемін?


Алайда, құрылысқа жауапты мердігер компанияның өкілдері бұл уәжбен келіспейді. Барлығы талапқа сай салынған деп ақталуда. Ал құрылыстың сағызша созылып кетуіне карантин себеп дейді.

Серік Мұқашев, "Трилистник" тұрғын-үй кешені жобасының басшысы:

Сәуір айында береміз үйді тапсырамыз. Пандемияға қатысты біз материалдарды дер кезінде ала алған жоқпыз. Мамырға дейін бармайды. Осы сәуір айында бәрін однозначно тапсырамыз.


Иә, індет болғанымен, құрылысты аяқтау міндет. Салымшыларға пәтер кілті сәуір айында беріледі деп уәде берілді. Ал оның рас-өтірігін енді уақыт көрсетер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: